Жамал
Қыздарды мен қайтейін қылаң-сылаң,
Қалайша ғашық отқа сабыр қылам.
Бірге өскен кішкенеден қимас сәулем,
Басы 'жем', ортасы 'мем',аяғы 'ләм'.
Көк ала тай, көтерші иегіңді,
Өлсең тауып қояйын сүйегіңді.
Жаным сүйген жан сәулем деп жүргенде
Қандай жеңгең айнытты жүрегіңді.
Әуеде ұшып жүрген көк көбелек,
Жазайын дертің болса су себелеп.
Кеткенде ауылың шалғай, ей,перизат,
Жортайын аш бөрідей тау жебелеп.
Ақ көйлек,қызыл қамзол, лағыл маңдай,
Аузың бал, тілің шекер,нәзік таңдай.
Халіңнің қасіретінен берші хабар,
Жолыңа сарп етейін жиған малды-ай.
Шәмшіқамар секілді дәп-дәл Бану,
Кісі қайда көңілді сіздей тану.
Ғашықтықтың бұ дағы нышанасы,
Айтқан сөзің құрбыға жетпей қалу.
Амал жоқ — қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын.
Қоймайды дертің қүйдірмей,
Не салсаң да тартамын.
Бір ән тауып Әлекең бер деген соң,
Матай да алыс бірталай жер деген соң.
Он минутта ойыма осы ән түсті,
Қапаш-құпаш қолымда сермеген соң.
Қыз емес, қызыдың аты - қызыл асық,
жастар көп қыз балаға болған ғашық.
Әзілмен ебін тауып сөйлемеген,
Жігіттің қарап тұрсам өзі жасық.
Базар барып, базардан қазан алдым,
Атқы жеңіл болсын деп тазаны алдым.
Сен есіме түскенде, екі қалқам,
Жерге түскен қамшымды азар алдым.
Өленің сен де сусар, мен де сусар,
Үйірі көк аланың көлде жусар.
Алладын тілегенім осы еді,
Тағдырдан айналайын қылған душар.
Қызықты қыздай дәурен өтті бізден,
Ой, қартайсаң да қыз кетпейді көңілімізден.
Ой, кідігай,
Қызықты-ай,
- Бегалы Амина
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі