Ақмарал сұлу еркем – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақмарал сұлу еркем» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5423
Кеткенде сенен алыс жерге шалғай,
Жүрермін сені қалай есіме алмай.
Өзімнің тыңдап тапқан бақытымсың,
Бейнең тұр көз алдымда атқан таңдай.

Қайырмасы:
Ақ жүзің айдай еркем,
Арманым сені көрсем.
Алыстан аңсап келемін,
Ақмарал сұлу еркем.

Жылы жан көрдім талай тұрған тартып,
Бірақта барлығынан сенсің артық.
Жүректің қуанышын жасыра алмай,
Атыңды әнге қосып жүрмін айтып.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері