Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (118)

Махамбет Өтемісұлы өлеңдері

Махамбет Өтемісұлы өлеңдері ілмегіндегі өлеңдердің 3-беті.

Махамбет Өтемісұлы өлеңдері ілмегі бойынша осы бетте 24 өлең көрсетіліп тұр. Бет: 3 / 5

Еңселігім екі елі

Еңселігім екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі,
Жауырыны жазық, мойны ұзын...

Толық оқу

Арғымақ, сені сақтадым

Арғымақ, сені сақтадым,
Құлағың сенің серек деп.
Азамат, сені сақтадым,
Бір күніме керек деп....

Толық оқу

Бірсіндеп садақ асынбай

Бірсіндеп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,...

Толық оқу

Борай да борай қар жауса

Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!...

Толық оқу

Баймағанбет сұлтанға айтқан сөз

Алақандай Нарында
Басушы едім құлаштай.
Жәбір беріп, жала етсең,
Былғанған басым ыласқа-ай....

Толық оқу

Тарланым

Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме,
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным, көп болды - ау...

Толық оқу

Тайманның ұлы Исатай

Арғымақтан туған қазан ат,
Шабуыл салса нанғысыз.
Қазан аттан туған қаз мойын,
Күніне көз көрінім жер шалғысыз....

Толық оқу

Нарын

Абайламай айрылдым,
Ар жақтағы елімнен -
Анау Нарын деген жерімнен.
Тірі кеттім демеймін,...

Толық оқу

Әй, Махамбет, жолдасым

Әй, Махамбет, жолдасым,
Аш арыстан жолбарысым.
Ісімнің білдім оңбасын.
Оңбаған емей немене,...

Толық оқу

Ақ жүрегін тербетіп

Ақ жүрегін тербетіп,
Ер көңілін желдетіп,
Ақсүйектің баласын
Қара ұлына теңгеріп,...

Толық оқу

Қайда бар

Артымда қалған алғаным,
Қытайы қызыл көйлегі
Күнге қойсаң оңар ма?!
Мұндай қорлық болар ма?!...

Толық оқу

Уа, Нарын

Абайламай айрылдым
Аржақтағы елімнен -
Анау Нарын деген жерімнен.
Тірі кеттім демеймін -...

Толық оқу

Есіл ер

Алдияр тақсыр ханымыз!
Исатай батыр кеткелі
Кеміді біздің сәніміз.
Тілімді алсаң, тақсыр-ай,...

Толық оқу

Шашылу

Сөйлесем, даусым аңқыған,
Сөйлеуге жүрек талпынған,
Атасы Беріш болса да
Артық пайда көрмедім...

Толық оқу

Өкініш

Толғай да толғай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан,
Қабырғасын қаусатқан,
Тебінгісін тесе атқан,...

Толық оқу

Толғау

Еменнің түбі сары бал,
Еріскен көңіл бәрі бал.
Жоғарыдан төмен төгейін,
Керегіңді теріп ал....

Толық оқу

Қоштасу

Маң-маң басқан сары атан
Маңыстап шығар өріске.
Бұрынғыдай қарыштап,
Қона алмадың қонысқа,...

Толық оқу

Реніш

Алты күндей алаулап,
Он екі күндей ой ойлап,
Ақылды алпыс жаққа шаптырып,
Ақыл жөнге келгесін...

Толық оқу

Тар қамау

Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске....

Толық оқу

Әрәйнә

Әрәйнә, жігіттер, Әрәйнә!
Арғымағың жарай ма?
Астыңа мінген арғымақ
Аяңдай түсіп, марай ма?...

Толық оқу

Соғыс

Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айғайлап жауға тигенде
«Ағатай беріш!» ұраным....

Толық оқу

Нарында

Әдірә қалған Нарынның
Теңіз деген суы бар,
Жағасында жағалай біткен
Қамыс деген нуы бар....

Толық оқу

Қақақулап шақырмай

Қақақулап шақырмай,
Қанды көбік түкірмей.
Бұзбай құлан пісірмей,
Мұз үстіне от жақпай,...

Толық оқу

Жабығу

Күн жадына қарасам,
Жеддінің оны - құралай.
Аспаннан борап қар жауып,
Аштырмайды көзімді,...

Толық оқу