Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (47) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (14)

Естелік

Сен мені бұрынғыша еске аласың ба?
Сол бір кештегі Каспий жағасын да,
Теңіздің толқыны аяғымызға соғушы еді,
Тап бір саған деген махаббатым секілді?

Ақ жүрегің елжіреп бұрынғыша таң қалсын деп,
Естеліктермен сол бақытты сәттерге барсын деп.
Саған арнап түрлі өлең жазып тұрамын,
Сәлде болсын мені есіне алсын деп!

Білемін ұмытпадың сол бір ғажап күндерді,
Ұйқысыз өнкен ай, жұлдыз сөнген түндерді,
Таңға жақын келгенің де, әкең ұрсушы еді,
Қалайша ол да маған бөтен болып үлгерді?!

Каспийдегі борандай еске алам сол шақты,
Жүрегімнен өшпестей сен қалдырған із қапты.
Толқындардың үнімен сырласқан да жүрегім,
Бейнеңді көремін, сен қайтқан сол жақты!

Толық

Титаник

Есіңдеме, ңөңге соғылып титаник батқан кеме,
Салқын судан, мұз болып, аязбен қатқан дене?
Бай болса да аямай, сезімдері қос ғашықтың мұз астына,
Кемеменен тереңге батып, ғашық отты өшкен деме!

Кейбір жандардың жүректері Титаниктей,
Жүре алмайды, сезімдерді кемтар етпей.
Талай жүрек, жаралы сезімімен,
Келмес жаққа батады, Титаниктей.

Қыз ғана қалды ол да уайыммен, мұңға батты,
Ай астында, жұлдызға сырға қатты,
Бар үмітін, сеніммен мұзға шақты,
Ал естелік жүрегіне қатты батты.

Аңыз болып,
Аталған алып кеме,
Дәрменсіз болып,
Осылайша суға батты!

Толық

Жарық жұлдыз

Кеш келгенде алыстарды армандаймын,
Сол үшін мен ұйқымды алаңдаймын,
Арман әлемінде мақсат болған құпия,
Тілектерді тек түн келгенде тапқандаймын.

Толық

Астрономия

Жатырмын ақшамнан кейін тапшанда,
Жәймен еседі беттен жел ғана,
Аспан көктен түнек болғанда,
Жарқырады жұлдыздар аспанда.

Толық

Жұлдыз

Жұлдыздың көк тұрағы,
Түнде жайнап тұрады.
Өйткені ол – көрікті
Көк аспанның шырағы.

Толық