Орамал
Бойжетті, есі кірді, ақыл толды
Әмірді орындайтын уақыт болды
Әурет жердің түгелін жабық қылып,
Қалдырды ашық қып жүз бен қолды
Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"МЕКТЕП" туралы өлеңдер жинағы. Бұл бөлімде МЕКТЕП туралы өлеңдер, туындылар, тақпақтар мен поэмалар жинақталған.
Тарыдай боп танысып парталаспен
Алғаш әріп таныдық сыныптаспен
Бала кезден бірге өсіп сол жандармен
Кетіп бара жатырмын мектептен мен
– Кәкен, – деді, папасы –
Сабағыңнан не алдың?
Күнделікті көрсетіп,
–Міне, – деді – «бес» алдым.
Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.
Мектеп жайлы айта алдық па біз ұға,
Шәкіртіне қарайтын ел қызыға.
«25-тен едім» дейтін ұлы да,
«25-тен едім» дейтін қызы да.
Бүгін қатты ұйықтаппын,
Бір кез шошып ояндым.
Сағат сегіз боп қапты,
Қар басыпты үй алдын.
Жаушықұмдай жақсы бір мектебім бар,
Ұрпағына келешек еткен иман.
Осындайда шәкіртің болып биыл,
Бойымдағы дарынды тастадым бар.
Кетсе-дағы сол күндер алыс қалып,
Жетті ме олар өмірде табысқа анық.
Түлектермен бір кезгі Мектеп-Ана
Отыз көктем өтті де қауышты анық.
Мектебім - бұлбұл бағынан,
Кеудеме бір нұр дарыған.
Үйрендім кешікпеуді де,
Қоңырау сыңғырларынан.
Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем,
Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем.
Жиырма жыл, жатыр сонда бар тағдырым,
Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен.
Талап деген өскелең,
Оны дәйім ескерем.
Сондықтан да сабақты
Оқимын тек «беске» мен.
Жүзіне бүгін түсті әжім,
Ал, менің өңім тұр көктеп.
Алғашқы менің ұстазым –
Әжемнің өзі – бір мектеп.
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сөзге «мырза, ерке».
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты
Зат емес надан кісі алар текке.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі