Жиырма жылдық кездесу
Бұл бетте «Жиырма жылдық кездесу» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем,
Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем.
Жиырма жыл, жатыр сонда бар тағдырым,
Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен.
Күн келді түлек әні шырқалатын,
Тарихтан жиырма жылдық нұр таматын.
Келді олар артта қалған балалықтың
Ән қылып көтерсем деп шырқап атын.
Тағдырын тура жазып өткеніне,
Келгендей бала кездің көктеміне.
Оралды олар, міне, ұстазына,
Оралды олар, міне, мектебіне.
Сағым жыл жанға алаулы жағар отты,
Олар да күні кеше бала бопты.
Бүгін де жігіттері әке атанып,
Қыздары сәбилерге ана бопты.
Емес пе ед кеше оларды бала көрер,
Өзгертіп уақыт та сала берер.
Есейіп, ержетсе де, ұстаздарға
Әлі сол түлек болып қала берер.
Осы ғой өмірдің де нандырмағы,
Жұлдызын жарқыратып жандырғаны.
Жиырма жыл - жиырма көктем, жиырма жазда
Сан түрлі болды олардың тағдырлары.
Сан түрлі өтті олар өткелдерден,
Ызғарлы, өтті-дағы көктем күннен.
Жиырма жыл ғұмырдан соң сағынышпен
Бас қосты сыр айтуға өткен күннен.
Тергендей бала шақтан дала гүлін,
Олардың ұқшы сырын дара бүгін.
Жиырма жыл бұрын қалған осы жерде
Іздеп тұр олар қазір балалығын...
Ғабиден, сіздің өлеңдеріңіз өте тамаша. Маған қатты ұнайды. Өте керемет жазасыз. Мен-мен деген ақындардан кем емес. Қаламыңыз үшкір, ойыңыз ұшқыр болсын! Небір жалынды жырларыңыз жарық көре берсін!
20жылдык олениниз керемет екен!
20 жылдык олениниз керемет!
20 жылдыққа арналған сөздер тамаша!
Тамаша өлеңдер
20 жылдык кездесуге арналған өлеңіңіз өте керемет. өнеріңіз өрге жүзсін!
Өлең жолдарының өте тамаша
20 жылдықа арнап жазған өлеңиз керемет екен. Қаламыңыз уштала берсін.
Өленнің кейбір тұстары әдемі әсерлі шыққан
Тамаша
Тамаша
өте керемет
Өте өте тамаша 25не менің де 20 жылдық кездесуіме оқысам ба деп отырмын
Ғабиден өлеңдеріңіз керемет
Керемет. 20-жылдық кездесу өлеңіңіз қатты ұнады.
Құрметті Ғабиден сізге мың алғыс мен де не айтарымды білмей отыр едім сіздің өлеңізге
тамаша қуанып отармын өйткені бізде 20 жылдық болғалы жатыр еді көп көп рахмет
анаға арнаған өлеңіңіз жүрегімді тербеді. Сонау алыстағы анамды қатты сағынып, көзіме жас тығылды. міндетті түрде анамды туған күнімен құттықтап барып қайтамын. адамға жақсы ой салатын осындай өлең жолдарын көптеп жаза беріңіз. Сізден тек жақсы өлеңдер күтеміз
Тек зооооооррр
Асабалық өнерім бар еді.Жақында басқаратын 20 жылдық кешім бар еді.Сонда оқу үшін күшті өлең екен.Рақмет.
Өте керемет сөздер
Керемет сау болыңыз бауырым????
Өлеңнің сөздері әсерлі жақсы жазылған