Жаңа көктем
Қар еріп, мінекей көктем келді,
Құстар келіп сымпылдап ән әкелді,
Әр адам өмірді жаңа бастағандай,
Тұрғызды өмір сол бір жатқан дүйім елді!
Қар еріп, су болып, жылға болды,
Ол жылға, аға-аға, өзен толды,
Ауа-райы қайта-қайта өзгеріп,
Дала түсініксіз сырға толды!
Жаңа жылда, жаңа өмір басталды,
Түсінеді бұған тек адамдар байсалды!
Наурыз келді, Рамазан алда ғой,
Кеше бастамаған адам бәрінен кеш қалды!


- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі