Көкпар
Дода десе тап берер,
Көк серкені шап берер.
Көкпаршылар ойыны –
Сыналады ат пен Ер.
Міне, ойын басталды,
Доп ортаға тасталды.
Жанкүйерлер дауысы,
Жаңғыртты жер-аспанды.
Бұлт емген шыңы көктен,
Көбелек гүлін өпкен.
Ғажап қой жаздың жұпар,
Жадырап күні жеткен.
Тұнған әсем тауы нуға,
Ақшаңқан үй бауырында.
Демалыста барам ылғи,
Ата-әжемнің ауылына.
Мөлдіреген айдынымыз,
Жарқыраған Ай, Күніміз.
Тәуелсіздік аңсап жеткен,
Ең қастерлі байлығымыз!
Арғымақ мініп, ту алған бабам,
Үміт үзбеген ұлы армандардан.
Көк туым биік асқақ тұр бүгін,
Арылып шер мен мұнардан далам.
Бар уақыт дәлдікте,
Алпыс минут – бір сағат.
Қанша сағат тәулікте,
Береді екен кім санап?
Бабам салған ізге ерген,
Салт бұзылмас ізгі елден.
Құда болар мың жылдық,
Қыз алысып, қыз берген.
Секең-секең, секеңдеп,
Маған кім бар жетер деп.
Мақтанды Доп асыққа,
Бәріңдікі бекер деп.
Данабек те кешеден,
Шығарды сөз таласын.
Көрдім деді көшеден,
«Пойыздың мен баласын».
Айтсаң тілді алады,
Жұмсағанға барады.
Бәрі жақсы көреді,
Елгезек бұл баланы.
Ұлы Абайдай хакім бол,
Сүйінбайдай ақын бол.
Елін, жерін қорғаған,
Қабанбайдай батыр бол.
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі