Жылымық – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Жылымық» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1676
Қыс. Астана…
Күн жылы,
Ашық –
Аспан түндiгi.
Жаймашуақ,
Жайдары,
Бiр күнiнен бiр күнi.

Қар – мұз болып қатқандай,
Мұз – жiбiдi тас-маңдай.
“Қарлы жаз”- деп мәз болдық,
Керемет сөз тапқандай.

“Бұл аз күнгi жылымық,
Жылымықтың сырын ұқ!..
Шыға келер ертең-ақ,
Күн қабағы құбылып.”-

Деп ескерттi үлкендер,
Бiрақ, көрмей кiм сенер?
Шалпылдатып су кешiп,
Кездi ұмыттық бүрсеңдер.

Астанада…
Ақпанда:
Ерiп кеттi ақ қар да.
Жылымыққа – жылынып,
Бөрiктi аттық аспанға…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері