Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (216) Өлеңдер (362) Жоспарлар (25) Мақал-мәтелдер (87) Ұлағатты сөздер (55) Әзіл, анекдоттар (5)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"ана" туралы Өлеңдер

"ана" туралы өлеңдер жинағы. Бұл бөлімде ана туралы өлеңдер, туындылар, тақпақтар мен поэмалар жинақталған.

Әкем - менің отағасы, анам - менің отанасы

Әкем менің - отағасы, отбасының қорғаны,
Әкем болса, бақ-береке, ырыстың мол болғаны.
Анам менің - отанасы, отбасының шуағы,
Бар жақсылық, бар мейірім сол анамнан туады,

Толық

Ана

Осы өмірге әкеліп балапаның,
Бесік қылдың аялы алақаның.
Әр балаңды өзіңнің жалғызың деп,
Алаңдаумен ататын ала таңың.

Толық

Анама


Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.

Толық

Ана

Жүрегі жақсылықтан жаратылған,
Анашым, ақ жүректі дара тұлғам.
Алладан асыл жанды сұрағанда
Ең алғашқы үш орында ана тұрған.

Толық

Ана сенің өмірде атың өшпес

Кішкентайдан еркелетіп өсіріп ең.
Ана сіздің әрдайым құшағың кең.
Мен сүрініп байқаусызда құлағанда,
Жүгіріп кеп қасымда сен тұрушы ең.

Толық

Ана

Айымсың сен,жұлдызым сен жан ана,
Жарық түн ең,жарқыраған аспанда.
Күнімсің сен,періштем сен жан ана,
Нұр шуағын шашып маған әперген.

Толық

Ана

Анашым -алақаның аялы.
Көңілің бар бәйтеректей саялы.
Барлық адам теріс қарап кеткенде
Анаң ғана құшағын кең жаяды.

Толық

Алғашқы сырласу

Тоқ болса да тоймайтұғын көңілі,
Қайран шағым, "сүт емем" деп жылаған.
Ана өзіңнен алыс қала өмірі,
Жолы қиын, тайғақ әрі бұралаң.

Толық

Ана жайлы ең жақсы сөз…

«Əке, əке, сен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Айтшы енді, ана жайлы ең жақсы сөз не?» деді.
Ана жайлы…
Ана жайлы пайғамбарлар сəлемі,

Толық

Анашым

Анашымның күлімдеген дара жүзі.
Күлімсіреп тұрады аппақ жүзі,
Қара шашын ағардыма біз үшін.
Кешір ана ренжіткен қара қызды.

Толық

Анам барда...

Анам барда жайқаламын ,гүлденем,
Анам барда қуанышты күйге енем,
Анам барда сезілмейді ауырлық
Анам барда алып ұшам үйге мен.

Толық

Апама

Әр күніңе таң болып күле кірем,
Гүлің болам, бағыңа мың егілем.
Саған алқа сыйлар ем, қалтам тесік,
Мөп-мөлдір ғып мойныңа жүрек ілем.

Толық

Ана

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?
Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Толық

Бәрі де, Ана

Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,

Толық

Ана жайлы елес шумақтар

Томпайып бейіт қалды белең қырда,
Мұра қып қолау құба көбеңді ұлға.
Білген жоқ бірақ ана сол ұлының,
Боларын құмар өрен өлең-жырға.

Толық

Мың алғыс, миллион алғыс аналарға

Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.

Толық

Уыз сүті қос анамның

Мешін жылы ақпандатқан,
Ақ түтекте туыппын.
Ақ құндақта сезе қоймай,
Не екенін де суықтың.

Толық

Аналарға арнау

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Толық

АНА

АНА -деген асыл адам ардақты ,
АНА- деген ғажап жан ғой салмақты .
Сәбиім деп , жүрегі соғар әрдайым ,
Аналарды қадірлейік ағайын .

Толық

Анашым

Анам менің неткен асыл жан едің
Сен мен үшін күліп атқан таң едің.
Бере алмаспын айырбастап мен сені,
Ұсынса да бар асылын әлемнің.

Толық

Анаға!

Әлі есімде, балауса қыз алаулаған шақтарың,
Қол ұстасып, қарсы алушы ек
Сарыарқаның ақ таңын.
Қиялменен армандаушы-ек, көрсек деп,

Толық

Апам

Өз ақылым өзіме еш жақпады.
Сен ұрып тұрдың тағы кеш қақпаны.
Жақтырмай бір қарады дала жаққа,
Күйбеңдеп жүрген шешем пеш жақтағы.

Толық

Анамен әсем бәрі де

Ойында мейірім ақ тілек,
Бойында ақ сүт, тәтті леп.
Анадай пейіл қайда бар,
Бәріне тұрған бақ тілеп.

Толық

Ананың ұлын жоқтауы

Мінгенде атым қан жирен,
Қан жирен жүрер әр күймен.
Алды-артымды ойласам,
Әуе айналып, күн күйген.

Толық