Тілек
- 0
- 0
Кім болсаң да, қуанам болғаныңа,
Болғаныңа – тұғырға қонғаныңа.
Адам түгіл ағаштың жапырағы,
Табан асты жатпасын жолда мына.
Бұл бетте «Әкем - менің отағасы, анам - менің отанасы» атты Айнұр Міркемел жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Есепсіз күнде адаммен жолығамын,
Таныстар көше бойы тобыр ағын.
Кездесіп біреуіне – жадырасам,
Кездесіп біреуіне – торығамын.
Барымды айдап, тасып қалың малдай,
Жалбақтап жүрсем дағы жаным қалмай.
Жақпадым кейде жақын тартқаныма,
Бейне бір кіріптар боп табылғандай.
Адамдығын өзінің түсінбеген,
Кім сөйлесер түйсіксіз кісіңменен.
Ұлыққа да айтамыз кішік бол деп,
Болмай жатып қорқамын ісінгеннен.
Үлгі еттім ұлылардың қасиетін,
Кішімін жасы үлкенге бас иетін.
Қаратып жерге тағы кеткенім жоқ.
Қонақжай қоңыр үйдің ас иесін.
Қалқайып есегінің құлақтары,
Бұл қарттар жібермейді құр аптаны.
Бір тобы құтты болсын айтып жүрсе,
Бір тобы асқа аттанар жырақтағы.
Мади
Өте мыкты өлең