Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (6)

Қараймын көнерген іздерге

Қараймын көнерген соқпаққа
Қараймын көнерген іздерге,
Әзірмін іздерді іздеуге,
Әзірмін жырлауға мақтап та.

Толық

Ой салған із де не түрлі

Ой салған із де не түрлі
Өрістің шары секілді,
Сондай бір жолға түсіп ем –
Жан-жаққа қашып құтылды.

Толық

Із туралы

Мөрлерін басып жал, құмға,
Талай да табан таптаған;
Дәл қазір менің алдымда
Із жатыр сансыз — қаптаған.

Толық

Сордағы із

Үңірейген құрдым, тылсым өңешін.
Қайттық бүгін ұлы ақынды өлтіріп,
Көрін қаздық, көмдік жылдам жең түріп.
Қаштық сосын төмен қарай жөңкіліп,

Толық

Із

Бабалар бізден алыста,
Балбал тастай баяғы,
Ағалар қайда кешегі,
Алақаны аялы,

Толық

Ильич салған ізбенен

Біз оның жалғасымыз жолдасымыз
Әлемге бақыт іздеген
Қолдасыңыз, келіңіз, қолдасыңыз!
Барамыз Ильич салған ізбенен.

Толық

Із

Таң рауандап атқанда бір бейне,
Азан дауысымен оянған.
Оның күллі болмысы таң нұрымен гүлденген,
Сонсоң, а-лы-ыс бір сапарға жол алған.

Толық

Уақыт өтті

Қайтып келмес күндер өтті,
Қайтып алмас сөздер кетті,
Ешқанда қайталанбас,
Көптен қымбат уақыт өтті!

Сол уақытың жақсылыққа жұмсалды ма?
Әлде мақұрым болып құр өтті ма?
Тарихқа енуге тырыстың ба?
Уақыттың құндылығын біле алдың ба?

Уақыт аз, көптей болып көрінеді!
Көзді ашып жұмғанша ол өтеді!
Сол аз уақытты дұрыс жаққа қолданып,
Мүмкіндікті жіберген соң еш кетеді!

Толық

Өмір-өзен

Сен кетті деп бұл өмір,
Өмір-өзен,
Тоқтатпайды ағасын!
Өтеді күн, тек сенсіз,
Өтеді түн, тек сенсіз!

Тіріңде неге үлгердің?
Кеше ғана бала ең,
Әр ісің есейсең де балаша,
Кімге ғибрат бола алдың?

Адамдардың санатында қалатындай,
Адамдар сені ғибрат тұтатындай,
Мына өмірде түген деген болыпты,
Бұл өмірге түген пайда қосыпты,
Дейтіндей ей, қарағым не істедің?

Өмір-өзен
Жылғасы оның қысқа жол,
Сынақтар сарқылмайтын,
Қиын-қыстау тұрақ ол!
Түзу жүріп, тура бассаң апарады жұмаққа,
Сөзге биік, ісің жақсы иман жанды пенде бол!

Толық