Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (40) Өлеңдер (9) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (34) Ұлағатты сөздер (59) Әзіл, анекдоттар (3)

Ақшаны кім қалай табады?

Ақша табу оңай ма?
Керек оған он айла:
Біреу біреуді алдап табады,
Біреу жанын жалдап табады.

Толық

Сақтандыру

Сақтандыру деген кәде бар,
Кәде емес, бәле бар.
Сақтандыру арқылы адамдар,
Қолданып түрлі амалдар,

Толық

Жоғалған ақша

– Дәркенжан, – деді жан көкем,
– Дәркенжан, – деді.
– Әу, – дедім.
Апыр-ай не боп қалды екен,

Толық

«Ақша» деп айтты ұмыттың

«Ақша» деп айтты ұмыттың,
Намаз да қалды барылмай.
Елеусіз қалды ұлық күн,
Күнәдан жүрсің арылмай.

Толық

Ақша

Ақша!
Ақша!
Ақшаң болса – алшаңда!
Ақша болмай ел түсiп тұр сарсаңға.

Толық

Ақша

О ақша, сен не деген кереметсің?
Ұқсамайсың басқаға...
Сен​ - бөлексің!
Құдіретіңе табынып қара түгіл,

Толық

Ақша

Саған керек ақша ғана, ақшақарлар Ақтау жақтан
Әмиянды ақтарады, сындырады аққаланы.
Орындалмас мақсаттарың төңкерістей ақпандағы
Ақсақалдар ақтаяқтай хандарынды ақтамайды.

Толық

Өмір көктем, өмір күз ғой, өмір жаз...

Өмір көктем, өмір күз ғой, өмір жаз
Ақын деген кейде кәрі, кейде жас.
Бес күндікті ойламайтын қазіргі...
Өр көкірек, надандар ғой кәрі-жас.

Толық

Жүрек назы

Өмір - бір жігітке берді нән байлықты,
Сол үшін сұлу қызды жүгіртіп сай қыпты.
Біздей қарапайым жігіттерді не қылсын,
Аппақ термен, санап жүрген айлықты,
Ақырын жүріп, анық басқан байыпты.

Иә, жігіттер, бүгін ашсың, ертең тоқ,
Сені ешкім ақшаң жоқ деп сөккен жоқ.
Бай, хандардың баласына қарама,
Олар сенің азабыңды шеккен жоқ!
Ал сен ұмтылшы арманыңа секілді оқ!

Қабырғаңды қайыспасын түн айға,
Сүйгеніңе гүл, алтын алмасаң, мұңайма!
Сүйген қызың, ақшаңа да қарамас,
Сүйсе сенен жоқ затыңды сұрай ма?
Сүйгенді сүй, сүймегенге ешқашан да жалынба!

Байлықсыз құр тіршілікті көріппін,
Түгің жоқта жолықпайды көріктің
Бізге қыздың назарының түспеуі,
Жоқ болғаны әкеміз де көліктің,
Көлік түгіл жоқ болғаны әкенің…

Толық