Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (23) Мақал-мәтелдер (41) Ұлағатты сөздер (32)

Ажалды жылан, жол үстінде жатады.

Ілмектер: ажал, жылан, жол

Ажал ажарға қарамайды.

Ілмектер: ажал, ажар

Ажал келмей жан шықпас,
Қысыр сөзден мән шықпас.

Ілмектер: ажал, сөз, тіл

Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.

Ілмектер: ажал

Ажал ажарыңа да қарамайды,
Базарыңа да қарамайды.

Ілмектер: денсаулық, ажал

Біреудің ажалы оттан,
Біреудің ажалы судан.

Ілмектер: ажал

Аңшының ажалы аңынан.

Ілмектер: аңшы, ажал

Тәуекел ет те тас жұт,
Ажал жетпей өлмек жоқ.

Ілмектер: тәуекел, ажал

Қырық жыл қырғын болса да,
Ажалды өлер.

Ілмектер: ажал

Ажалды киік ашыққа қашады.

Ілмектер: ажал

Сынбайтұғын шөлмек жоқ,
Ажал жетпей өлмек жоқ.

Ілмектер: ажал

Айналаға атқан оқ ажалдыға тиеді.

Ілмектер: қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық, ажал

Ажалдан ақша беріп құтылмас.

Ілмектер: ажал, ақша, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ажалдан ақырет артық.

Ілмектер: ажал, ақірет, Араб мақал-мәтелдері

Түлкінің ажалына құйрығы кінәлі.

Ілмектер: түлкі, құйрық, ажал, парсы мақалы

Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.

Ілмектер: ауру, ажал, борыш, абырой

Ұйқы — ажал ағайыны.

Ілмектер: ұйқы, ажал, парсы мақалы

Атқыштан ажал қашады.

Ілмектер: соғыс, ажал

Кездейсоқ ажалды
Аңғырттық шақырады.

Ілмектер: ажал, аңғырттық

Жауынгердегі қол күрек
Ажалды алыстату үшін керек.

Ілмектер: жауынгер, ажал

Пікірлер