"ас" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер
"ас" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ас" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Қас сараң өз тамағын
Өзінен қызғанады.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Етпен қарын тоқ,
Ниетпен жаның тоқ.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Сары қауынның қағын жеп,
Сақылар отыр тоқпыз деп.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Сары қазыны кертіп жеп,
Сараңдар отыр жоқпыз деп.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Ақ бидайдың кәдірін
Ашыққанда білерсің.
Ағарғанның кәдірін
Қыс шыққанда білерсің.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Жалғыз биенің қымызы —
Қарындаспен қағыстырар.
Жалғыз түйенің қымыраны —
Туғаныңмен табыстырар.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Тістем нанның кәдірін
Тарыққанда білерсің.
Анық достың кәдірін
Зарыққанда білерсің.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Диірмен өзі тас болса да,
Жұртқа жейтін ас болары.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Асықпаған нәрін жейді,
Асыққан зәрін жейді.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Өгіз қарын майыңды
Өлгенде бастаймысың?!
Көкек айы туған соң
Итке тастаймысың?
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Күріш жеген арымас,
Көрмек жеген жарымас.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Жалғыздығың ас ішкенде білінер,
Жарлылығың ел көшкенде білінер.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Қамбасында дәні жоқтың,
Дастарқанында наны жоқ.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Ас жүрген жер — береке,
Жас жүрген жер — мереке.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Көженің де кенеуі бар,
Көбіктің де демеуі бар.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Сараңның тамағына тойғанша,
Сақының қабағына той.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Жатақты жатақ бозаға шақырады.
Бозасы таусылса, көжеге шақырады.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі