Ас — Мақал-мәтелдер жинағы - 15-бет
Бұл бөлімде "ас" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Қыдырып ішкен көженің
Кенеуі жоқ.
Қыдырып айтқан биліктің
Керегі жоқ.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Ашыққанға қазан астырма,
Тоңғанға от жақтырма.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Жазым болса, быламыңқа тіс сынар.
Ілмектер:
ас, тамақ, тағам
Етке тойсам,
Сорпаға иттігім жоқ.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Өзің жатық болсаң,
Ішкенің қатық болар;
Өзің қиық болсаң,
Ішкенің сұйық болар.
Ілмектер:
ас, тамақ, тағам
Ас — аз, ниет — көп
Отын — олжа,
Су — қорлық.
Ілмектер:
ас, тамақ, тағам
Тоқшылықта жеген
Тоқпан жілік,
Ашаршылықта
Көзіңнен бір-бір ұшады.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Беретін кісі келгенде,
Бес қайнайды қазаным;
Бермейтін кісі келгенде,
Көп қайнайды қазаным.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Бір ауылда бір үй аш болса,
Бар үй аш болады.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
Түскі асқа
Түстік жерден қонақ келеді.
Кешкі асқа
Күндік жерден қонақ келеді.
Ілмектер:
ас, тағам, тамақ
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі