Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (29) Ұлағатты сөздер (1)

Аш — Мақал-мәтелдер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "аш" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Аш адам көп жейді,
Ашулы адам көп сөйлейді.

Ілмектер: ашу, адам, аш
WhatsApp Telegram

Аш не жемейді,
Тоқ не демейді.

Ілмектер: аш, тоқ
WhatsApp Telegram

Аш адам айғайға басса,
Жалаңаш адам жолдан қашады.

Ілмектер: аш, жалаңаш, адам, жол, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Басқаның тойы –
Аш қарын тойы.

Ілмектер: той, ауған елінің мақалы, ауған мақалы, аш, қарын
WhatsApp Telegram

Аш қадірін тоқ білмес,
Ауру қадірін сау білмес.

Ілмектер: аш, сау, денсаулық, қадір
WhatsApp Telegram

Аш кісі май таңдамас,
Кәрі қыз бай таңдамас.

Ілмектер: аш, кісі, бай, май, қыз, кәрі қыз
WhatsApp Telegram

Аш адамды әңгімемен асырамас.

Ілмектер: аш, адама, әңгіме, Араб мақал-мәтелдері
WhatsApp Telegram

Аш отырып,
Ас таңдайды,
Жаяу отырып,
Ат таңдайды.

Ілмектер: аш, ас, жаяу, таңдау
WhatsApp Telegram

Аштың ойы тамағында,
Жаяудың ойы табанында.

Ілмектер: аш, ой, тамақ
WhatsApp Telegram