"бірлік" туралы Мақал-мәтелдер
"бірлік" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "бірлік" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Көнектен шошыған бие оңбас.
Көптен бөлінген үй оңбас.
Ілмектер:
бірлік, ынтымақ
Бөлінгенді бөрі алар,
Ұзағанды ұры алар.
Ілмектер:
ұры, бірлік
Ұрыстың мерейі — ерлік,
Ырыстың мерейі — бірлік.
Ілмектер:
ер, бірлік
Ерлік пен бірлік — егіз.
Ілмектер:
ер, бірлік
Бірлік қайда болса,
Ерлік сонда.
Еркіндік қайда болса,
Елдік сонда.
Ілмектер:
бірлік, ер, ел
Елдік түбі — бірлік.
Ілмектер:
бірлік, ел
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
Ілмектер:
бірлік
Береке көзі — бірлікте.
Ілмектер:
бірлік
Әрі жат, бері жат —
Таршылықтың белгісі.
Сен же, мен же —
Баршылықтың белгісі.
Ілмектер:
ынтымақ, бірлік, баршылық
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі