Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (13) Өлеңдер (82) Мақал-мәтелдер (27) Ұлағатты сөздер (28) Әзіл, анекдоттар (1)

Сыр — Мақал-мәтелдер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "сыр" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Сырын білмес адамға
Сырыңды айтпа.
Сырын білмес атанға
Жүгіңді артпа.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, сыр, адам
WhatsApp Telegram

Сабын кірді ашады,
Сабырсыз сырды ашады.

Ілмектер: сабыр, сыр
WhatsApp Telegram

Сыр ашу оңай,
Сыр түю қиын.

Ілмектер: сыр, сақтық
WhatsApp Telegram

Жаманға сырыңды айтсаң
Жарға жығады.

Ілмектер: жаман, сыр
WhatsApp Telegram

Жаманға сырыңды айтпа,
Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.

Ілмектер: жаман, сыр
WhatsApp Telegram

Тақыр жерге су төксең,
Жүруге тайғақ болар.
Жаманға сырыңды айтсаң,
Тар жерде айғақ болар.

Ілмектер: жаман, сыр
WhatsApp Telegram