Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (155) Өлеңдер (7) Жоспарлар (45) Мақал-мәтелдер (236) Ұлағатты сөздер (138) Әзіл, анекдоттар (1)

Ұялмаған бұйырмағанды ішер.

Ілмектер: ұят, тәрбие, өнеге

Бар, барын жейді,
Ұятсыз арын жейді.

Ілмектер: ұят, ар, тәрбие, өнеге

Ұялған сыбағасынан құр қалар.

Ілмектер: ұят, тәрбие, өнеге

Жасыңда көндігерсің,
Көндігерсің де,
Жөндігерсің.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Балапан басымен,
Тұрымтай тұсымен.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Атпаз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген хат таныр.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Өзін өзі мақтаған —
Өлімнің қара басы.

Ілмектер: мақтау, тәрбие, өнеге

Көре тұра айтпасаң,
Көргенсіз дер,
Біле тұра айтпасаң,
Жетесіз дер.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Ұялған тек тұрмас.

Ілмектер: ұят, тәрбие, өнеге

Жасыңда қалжың болсаң,
Өскенде мылжың боларсың.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Алмақтың да салмағы бар.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Бәлелі жерді баспа,
Басыңа түссе, саспа.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Ашу — дұшпан, ақыл — дос,
Ақылыңа ақыл қос.

Ілмектер: ашу, ақыл, тәрбие, өнеге

Талап — талмас қанат.

Ілмектер: талап, тәрбие, өнеге

Есік көргенді алма,
Бесік көргенді ал.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Жаны сұлудың
Тәні сұлу.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Ақымақтың ала-құласы болмайды.

Ілмектер: ақымақ, тәрбие, өнеге

Опаға барған — ағарар,
Жосаға барған — қызарар.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Еркенің көзі жасты,
Етегін бұзау басты.

Ілмектер: тәрбие, өнеге

Қарыстан сүйем жуық.

Ілмектер: тәрбие, өнеге