Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (34) Өлеңдер (5) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (77) Ұлағатты сөздер (33) Әзіл, анекдоттар (1)

Байдың қатыны өлсе төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе басы қаңғырар.

Ілмектер: бай, кедей, жарлы, өлім, қатын

Қыстың демі —
Кедейдің кебіні.

Ілмектер: қыс, дем, кебін, кедей, парсы мақалы

Кедеймiн деп қысылма,
Өнерiң болса қолында
Өнерлiнiң ырысы –
Жарқырап жатар жолында.

Ілмектер: кедей, өнер

Кедейдің басына балта да өтпейді.

Ілмектер: кедей, балта, парсы мақалы

Кедейдің үйінен ұры да ұялып шығар.

Ілмектер: кедей, ұры, парсы мақалы

Атақтының ұяты –
Кедей өлімінің бір аты.

Ілмектер: кедей, атақ, парсы мақалы, өлім

Кедейдің азанында да ажар болмайды.

Ілмектер: азан, кедей, ажар, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Қырық жылда бай мен кедей теңелер.

Ілмектер: кедей, бай

Жарлының жалғыз аты – айғыр,
Жатып ал да қайғыр.

Ілмектер: кедей, жарлы, ат, қырғыз мақалы

Пышағы өткір байымайды.

Ілмектер: пышақ, қырғыз мақалы, бай, кедей

Жарлының қалтасына қоянның құлағы сыймайды.

Ілмектер: жарлы, кедей, қоян, қалта, құлақ, қырғыз мақалы

Жарлының қалтасына ақша түссе,
Тырна болып сұңқылдайды.

Ілмектер: жарлы, кедей, ақша, қырғыз мақалы

Кедей байға жетем дер,
Бай құдайға жетем дер.

Ілмектер: кедей, бай, қырғыз мақалы

Бар – балпаң,
Жоқ – жалтаң.

Ілмектер: бар, жоқ, кедей, бай, қырғыз мақалы

Базар барға – балдай,
Жоққа – зәрдей.

Ілмектер: базар, бар, бай, кедей, қырғыз мақалы

Бар бадарын айтады,
Жоқ зарын айтады.

Ілмектер: зар, бай, кедей

Кедей болсаң, көшіп көр!

Ілмектер: кедей, көшу

Тоқ бала аш баламен ойнамайды,
Тоқ кісі аш қалам деп ойламайды.

Ілмектер: кедей, кедейлік, бай, байлық

Ат, өгіз терін бай бермес,
Жарлы болсаң, көз көрмес.
Өлсе жаман мал берер ысқатына,
Жанға өлшеген малдары жанына ермес.

Ілмектер: жарлы, кедей, бай, өгіз, ат, мал, өлім, ысқат

Атаң алты мың қой айдаса да,
Өзіңде біреу жоқ болса, жарлысың.

Ілмектер: ата, бала, жарлы, кедей

Пікірлер