Ұям менің

Бұл бетте «Ұям менің» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Біздің үй болатұғын осы арада,
Жататын бұлақ ағып босағада.
Орны да өшейін деп қалыпты ғой,
Өтіпті көп уақыт...
Тоса ма алда.
Қазына болмаса да қамбасында.
Қарық боп отыратын нанға, суға.
Түтіні кернейінен түзу шығып,
Жалғыз үй жарбиятын жар басында.
Ескермей тіршіліктің жарақатын,
Сонда да күн шығатын, таң ататын.
Бар сыйын табиғаттың өзі берген,.
Біздің үй керегіне жарататын.
Қара орныңнан айналдым, ұям менің,
Күмістен мүсініңді құяр ма едім.
...Әлдеқалай аспаннан құлап түсем,
Аядай босағанды қияр ма едің?..


Пікірлер (8)

Улмекен

ұям менің өлеңі таааааааааамашааааааааааааааааааааа

Батырбек

Оте керемет

Севинч

мен анашым деген өленін ұнаттым

Айсезім

Өте керемет нағыз қазақтарға арналған өлен

Розалина

Маған маған ұнады

Розалина

Маған ұнады

Мади

Нагыз казак олены

Ермахан

Бүгін Bilim-all.kz-тен Мұқағали Мақатаевтың «Ұям менің» өлеңін қайта оқып, тағы бір рет таңғалдым. Өткен күндер, өшіп бара жатқан ұя, сағыныш... бәрі жүрекке жетеді. Осындай классикалық өлеңдерді жастарға да көбірек тарату керек. Керемет сайт!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұям менің өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Ұям менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұям менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұям менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері