Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (112) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (73) Ұлағатты сөздер (83)

Болымсыздан үлгі шықпас,
Көңілсізден күлкі шықпас.

Ілмектер: көңіл, күлкі

Көңіл - қазы, көз - таразы.

Ілмектер: көңіл, көз, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Көз - бұлақ,
Көңіл - сынап.

Ілмектер: көз, көңіл

Адам құлақтан азады,
Көңілден семіреді.

Ілмектер: адам, құлақ, семіру, көңіл

Арымақ, семірмек көңілден.

Ілмектер: көңіл

Көлденең кісі көңілге қарамайды.

Ілмектер: туыс, ағайын, көңіл

Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

Ілмектер: ата, бала, көңіл, отбасы, туыс, жанұя

Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.

Ілмектер: көңіл, жан

Көңіл қартаймас, көз қартаяр.

Ілмектер: көңіл, көз

Көзі соқырдан қорықпа,
Көңілі соқырдан қорық.

Ілмектер: көңіл, соқыр, қорқу, тәлім, тағлым, тәрбие

Тілі тәтті - көңілі қатты.

Ілмектер: тіл, көңіл, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Көршімен татудың көңілі тыныш.

Ілмектер: көрші, көңіл, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Тоны жаманды ит қабар,
Көңілі жаманды құдай табар.

Ілмектер: тон, ит, көңіл, жаман

Көңіл бір атым насыбайдан қалады.

Ілмектер: көңіл, насыбай

Көңілі ояудың - көзі ілінбейді,
Уақыттың өткені білінбейді.

Ілмектер: уақыт, көңіл

Әрі жат, бері жат -
Төсек тарлығы.
Сенікі-менікі -
Көңіл тарлығы.

Ілмектер: көңіл, тарлық, адам, адам және оның қасиеттері

Көзден жоғалған,
Көңілден де табылмайды.

Ілмектер: көз, көңіл, парсы мақалы

Көзден алыстаған,
Көңілден де алыстайды.

Ілмектер: көз, көңіл

Құлақ естісе – көңіл біледі,
Көз көрсе – құмарлық келеді.

Ілмектер: құлақ, көз, құмарлық, көңіл

Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Жақсы адамның көңілі хош болады.

Ілмектер: бұтақ, құс, көңіл