Кісі — Мақал-мәтелдер жинағы - 3-бет
Бұл бөлімде "кісі" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Көрінгенге көз түрткі —
Қордың қоры.
Ілмектер:
адам, кісі
Шаруа кісіні қыдыр тұт!
Сақы кісіні кәдір тұт.
Ілмектер:
адам, кісі
Тура ағаш үйге тіреу,
Тура жігіт елге тіреу.
Ілмектер:
жігіт, адам, кісі
Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды.
Кіші сені сыйласа
Кісі сені сыйлайды.
Ілмектер:
сыйлау, кісі, адам
Азынаған айғырды үйірде көр,
Адамсыған жігітті үйінде көр.
Ілмектер:
жігіт, кісі, адам
Жарау кісі байқап сөйлейді,
Қарау кісі жан-жағын жайпап сөйлейді.
Ілмектер:
кісі, адам
Кісінің шырайына қарама,
Райына қара.
Ілмектер:
кісі
Кісіні кейде таршылық сынайды,
Кейде баршылық сынайды.
Ілмектер:
кісі, адам
Кісі арасында кісі бол,
Үлкені болма, кіші бол.
Қызмет қылсаң жорғалап,
Маңдайдан терің сорғалап,
Азаматтың ісі бұл.
Ілмектер:
кісі, адам, қызмет
Қисық ағаш қиыспайды,
Қыңыр кісі сыйыспайды.
Ілмектер:
кісі, адам
Қайғы басқан кісіге
Мамық төсек таспен тең.
Қайғысы жоқ кісіге
Екі аяғы атпен тең.
Ілмектер:
қайғы, кісі, адам
Көтере алмаған,
Қосып арқалайды.
Ілмектер:
адам, кісі
Тар жерде табысқан,
Кең жерде келіседі.
Ілмектер:
адам, кісі
Әркім қолда барын ұсынады.
Ілмектер:
адам, кісі
Жүні жығылғанның —
Күні жығылған.
Ілмектер:
адам, кісі
Қатты жауған күн
Тез ашылады,
Қатты ашуланған кісі
Тез басылады.
Ілмектер:
адам, кісі
Ай толғанын білмес,
Жігіт болғанын білмес.
Ілмектер:
жігіт, кісі, адам
Болған кісі, болдым демес,
Болдым десе, болғаны емес.
Ілмектер:
кісі, адам
Кісі қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.
Ілмектер:
кісі, қате, адам
Кісідегінің
Кілті аспанда.
Ілмектер:
кісі, адам
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі