Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (77) Ұлағатты сөздер (24)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Кедейлік" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"Кедейлік" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "Кедейлік" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Сараң бай союға қозы таппай
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Ашаршылықта
Ашқарақ алдымен өледі.

Ілмектер: кедейлік, байлық, ашқарақ
WhatsApp Telegram

Ауызы қисық болса да
Байдың ұлы сөйлесін.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Байлық — мұрат емес,
Кедейлік — ұят емес.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Жоққа жүйрік жетпейді.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Базар – бай, алушы – кедей.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Тіленшіге жел қарсы.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Қарыз қатынас бұзады.

Ілмектер: қарыз, кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.

Ілмектер: кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Алтынды тот баспайды.

Ілмектер: кедейлік, байлық, Ыбырай Алтынсарыұлы
WhatsApp Telegram

Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Ілмектер: жолдас, кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Тар киім – тозғақ.

Ілмектер: киім, кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Құзғын ас таңдамайды.

Ілмектер: байлық, кедейлік
WhatsApp Telegram

Ай бетінде де дақ бар.

Ілмектер: байлық, кедейлік
WhatsApp Telegram

Қолы қимылдаған адамға,
Кедейлік жоқ.
Аяғы қимылдаған адамға,
Алыстық жоқ.

Ілмектер: еңбек, кедейлік
WhatsApp Telegram