Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (12) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (7)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"қарыз" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"қарыз" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "қарыз" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Қарыз алушы – арыстан,
Қарыз беруші – тышқан.

Ілмектер: қарыз
WhatsApp Telegram

Мойнындағы қарыздан қой да өледі.

Ілмектер: қарыз, қой, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Екі аяққа қарызданып,
Тағы екі аяқ жалғады.

Ілмектер: қарыз, аяқ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Қарыз алдың – қайғы алдың.

Ілмектер: қарыз, қайғы, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Қарыз беру уайым емес,
Қайтарып алу уайым.

Ілмектер: қарыз, уайым, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Өсімге алған қарыздан
Қампаймайды қарының.

Ілмектер: өсім, ақша, қарыз, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Жаманнан би қойма - кесім салады,
Залымнан қарыз алма - өсім салады.

Ілмектер: жаман, би, залым, өсім, қарыз
WhatsApp Telegram

Жаңа байығаннан қарыз алма.

Ілмектер: бай, пейіл, ынсап, қарыз
WhatsApp Telegram

Қасқыр қарызын терісімен төлейді.

Ілмектер: қарыз
WhatsApp Telegram

Қарыз қатынас бұзады.

Ілмектер: қарыз, кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Жиеннің алғаны парыз,
Жезденің алғаны қарыз.

Ілмектер: туған, туыс, қарыз
WhatsApp Telegram

Көшуден бұрын,
Керуен басыңды сайла.
Қарыз алудан бұрын,
Береріңді ойла.

Ілмектер: қарыз, тәрбие, өнеге
WhatsApp Telegram

Досқа ауырлығыңды салма,
Достан қарыз алма.

Ілмектер: дос, қарыз
WhatsApp Telegram

Қарыз қайтарумен ғанибет.

Ілмектер: қарыз
WhatsApp Telegram

Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.

Ілмектер: қадір, көрші, қарыз
WhatsApp Telegram

Берген қарыз — бедел өсіреді
Қайтқан қарыз — мерей өсіреді.

Ілмектер: қарыз
WhatsApp Telegram

Қарызды берген батыр емес,
Алған батыр.

Ілмектер: қарыз
WhatsApp Telegram

Қара жер қарыз арқаламайды.

Ілмектер: егіншілік, қарыз
WhatsApp Telegram