Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (77) Ұлағатты сөздер (23)

Қолы қимылдаған адамға,
Кедейлік жоқ.
Аяғы қимылдаған адамға,
Алыстық жоқ.

Ілмектер: еңбек, кедейлік

Ай бетінде де дақ бар.

Ілмектер: байлық, кедейлік

Құзғын ас таңдамайды.

Ілмектер: байлық, кедейлік

Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Ілмектер: жолдас, кедейлік, байлық

Алтынды тот баспайды.

Ілмектер: кедейлік, байлық, Ыбырай Алтынсарыұлы

Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Қарыз қатынас бұзады.

Ілмектер: қарыз, кедейлік, байлық

Тіленшіге жел қарсы.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Базар – бай, алушы – кедей.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Жоққа жүйрік жетпейді.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Байлық — мұрат емес,
Кедейлік — ұят емес.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Ауызы қисық болса да
Байдың ұлы сөйлесін.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Ашаршылықта
Ашқарақ алдымен өледі.

Ілмектер: кедейлік, байлық, ашқарақ

Сараң бай союға қозы таппай
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Бар мақтанса, табылар,
Жарлы мақтанса, шабылар.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Көз бір уыс топыраққа тояды.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Малға жарлылық — жарлылық
Ақылға жарлылық — сорлылық.

Ілмектер: кедейлік, байлық, ақыл

Он екі мүшең сау болса
Сәулет емей немене?!
Он саусағың сау болса
Дәулет емей немене?!

Ілмектер: кедейлік, байлық