Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (231) Өлеңдер (3) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (137) Ұлағатты сөздер (63) Әзіл, анекдоттар (1)

Бас пен дене аман болса, тілек кетпейді,
Ер аман болса, тілегіне жетеді.

Ілмектер: бас, дене, денсаулық, тілек, ер, амандық

Бас сау болса, басқа бөрік табылар.

Ілмектер: бас, денсаулық, бөрік

Жанды сауықтырмай, тәнді сауықтырмайды

Ілмектер: Сауықтыру, тән, денсаулық

Құдай да құлқынға қарап ауру береді.

Ілмектер: мінез, ауру, денсаулық

Шынықсаң – шымыр боласың.

Ілмектер: шынығу, денсаулық

Ауру — астан,
Дау —қарындастан.

Ілмектер: ауру, ас, денсаулық, дау

Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.

Ілмектер: тазалық, саулық, денсаулық, байлық

Ауруын жасырған өледі.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Ұстағанша жүз дәрігерді қайдағы,
Тамағыңды шақтап ішкен пайдалы.

Ілмектер: дәрігер, тамақ, денсаулық

Бас ауырса жан қорқады.

Ілмектер: бас, ауру, денсаулық

Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
Тазалық. — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.

Ілмектер: денсаулық

Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық, дау

Көзің ауырса, қолың тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық

Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

Ілмектер: жан, қайғы, денсаулық

Тұр-тұрдан хабар келсе,
Ұйқыдан маза кетеді.

Ілмектер: денсаулық

Денсаулық туралы мақал-мəтелдер.
1.Шынықсаң шымыр боларсың.
2.Адамның басты байлығы денсаулық.
3.Дана көптен шығады,
Дəрі шөптен шығады.
4.Бірінші байлық-денсаулық.
5.Ауырып ем іздегенге,
Ауырмайтын жол ізде.
6.Ауру батпандап кіреді,
Мысқылдап шығады.
7.Дерт көп, денсаулық біреу.
8.Демі бардың емі бар.
9.Ішің ауырса аузыңды тый,
Көзің ауырса қолыңды тый.
10.Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулықтың түбіне жетеді.

Ілмектер: шымыр, дəрі, шөп, ауру, денсаулық, арақ, темекі, батпандап, мысқылдап, дерт, ем