Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (71) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (144) Әзіл, анекдоттар (1)

Еділ ел болып келгенге су болады,
Едірейіп келгенге, у болады.

Ілмектер: у, су, ел

Ел алмаған елу жыл жатады.

Ілмектер: жыл, ел, халық

Елде түлкі аштан өлмес.

Ілмектер: ел, түлкі

Отты қузаған өшірер,
Қоңсыны қузаған көшірер.

Ілмектер: от, қоңсы, ел

Қараның таққа мінгені -
Бір біріне құда түскені.

Ілмектер: тақ, құда, ел

Қазақ аулы қарайлас.
Шеру соңы қарайлас.

Ілмектер: қазақ, ауыл, шеру, ел

Көшкен елдің көмеші болса,
Еру елдің ерулігі бар.

Ілмектер: ел

Ел аузы - дуалы.

Ілмектер: ел

Естімеген елде көп.

Ілмектер: ел

Қарға тамырлы қазақ.

Ілмектер: қазақ, ел

Көшпелі елде ақың болса,
Көше-көше қасыңа келер.

Ілмектер: ел, ақы

Халық қатесіз сыншы.

Ілмектер: халық, сын, сыншы, ел

Жаныс кетсе,
Орнына жаппас қонар.

Ілмектер: ел, халық

Елдің елдігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.

Ілмектер: ел, байлық, жер

Жабықтан күні жарқырап,
Жайықтан суы сарқырап.

Ілмектер: күн, су, ел, халық

Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақсыз елдің өкініші бітпес.

Ілмектер: ынтымақ, ел

Ел ебелек емес,
Ер көбелек емес.

Ілмектер: ел, ер, көбелек

Аулы араластың,
Қойы қоралас.

Ілмектер: ауыл, қой, ел, халық

Ерінбеген елге жетеді.

Ілмектер: ел, еріншектік

Шымыр көпке, шыбын көпке.
Сиқым көпке, қиқым көпке.

Ілмектер: ел, халық