Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (15) Мақал-мәтелдер (29) Ұлағатты сөздер (5) Әзіл, анекдоттар (1)

Итің жақсы болса — ырысың,
Көршің жақсы болса — тынысың.

Ілмектер: ырыс, көрші

Алыстағы ағайыннан,
Алдыңдағы көрші артық.

Ілмектер: көрші, ағайын, туыс

Әйелінен сескенген
Ауылдасына шай іш демейді.

Ілмектер: әйел, көрші

Жақынның жаманын мақтама,
Көршіңнің ала жібін аттама.

Ілмектер: жақын, жаман, көрші, туыс

Отты үрлей берсең, өшіресің,
Көршіні күндей берсең, көшіресің.

Ілмектер: көрші

Көрші көршімен
Базарда көрісер.

Ілмектер: көрші

Үйінде не барын,
Көршіңнен сұра.

Ілмектер: көрші

Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.

Ілмектер: қадір, көрші, қарыз

Жақсы көрші тапқаның
Мол олжаға батқаның.

Ілмектер: көрші

Атың жаман болса,
Сатып құтыларсың,
Көршің жаман болса,
Қайтіп құтыларсың?

Ілмектер: көрші, ат, төрт түлік мал

Қолының ебі бардың —
Көршілеріне себі бар.

Ілмектер: көрші

Ескі көшеде
Ежелгі көршілер тұрады.

Ілмектер: көше, көрші

Көршің қолайлы болса, қораң кең.

Ілмектер: көрші

Қожамен көрші болсаң:
«Бер-бер» дейді
Шебермен көрші болсаң:
«Көр-көр» дейді.

Ілмектер: көрші, шебер

Жаман көрші:
Ұрыс пен керіс.
Жақсы көрші:
Ауыс пен беріс.

Ілмектер: көрші

Көршімен татудың көңілі тыныш.

Ілмектер: көрші, көңіл, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Әбігер көршің – бәрібір көршің.

Ілмектер: көрші

Көршілестің тауығы біреуге қаз боп көрінеді.

Ілмектер: көрші, тауық, қаз

Сапарға шықпас бұрын,
Серігіңді сайла;
Үй салмас бұрын,
Көршіңді ойла.

Ілмектер: сапар, серік, үй, көрші, араб мақалы, араб елінің мақалдары

Қорқау да көршісін жемейді.

Ілмектер: қорқау, көрші

Пікірлер