Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (90) Ұлағатты сөздер (6)

Ұрлық, ұрлықтың түбі қорлық.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, қорлық

Атақты ұры аштан өледі.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, аштық

Ұры — қарының серігі.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры, қары

Ұрыға мал құтаймас.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры, мал

Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры, бұзау, өгіз

Сезікті секіреді.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры

Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры

Ұры өле өлгенше ақпын дейді.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры

Ұрысы күшті болса, иесі өлер.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры.ұрыс

Қолағашы күшті болса,
Киіз қазық жерге кірер.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл

Мысқыл, мысқылдың түбі мүшкіл.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры

Жаманға жалынғанша,
Жат та жаныңды қарман.

Ілмектер: жаман, ынсап, пейіл

Ашыққаннан, құныққан жаман.

Ілмектер: ұят, пейіл, ынсап

Жуастан жуан шығады.

Ілмектер: жуас, пейіл, ынсап

Тышқан ініне ене алмай жүріп,
Құйрығына қалжуыр байлайды.

Ілмектер: тышқан, ін, пейіл, ынсап

Дәніккен қарсақ құлағымен ін қазар.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл

Мешкейдің өзі тойса да, көзі тоймайды.

Ілмектер: мешкей, ашқарақ, ынсап, пейіл, көз

Жарамсақтанған ит жатқанша таяқ жейді.

Ілмектер: ит, пейіл, ынсап, таяқ

Біреудің атанына дегені,
Өзінің ботасына көрінер.

Ілмектер: пейіл, ынсап

Ақкөңілді адамға, біреудің сырқаты да батады.

Ілмектер: Ақкөңіл, адам, пейіл, ынсап