Өлеңдер Бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (34) Ұлағатты сөздер (8)

Аз бергенді көп көріп,
Көп бергенді көргенмін.
Қарындасты қас көріп,
Топ көргенді көргенмін.

Ілмектер: аз, көп, қарындас

Аз деп жауды аяма.

Ілмектер: жау, аз, аяушылық

«Аз екен» деп жауыңа мұрсат берме.

Ілмектер: жау, аз, мұрсат

Аз кісінің теңдігі бар да, төресі жоқ,
Жалғыз аттың астауы бар да, дересі жоқ.

Ілмектер: аз, көп, теңдік, төре, жалғыз

Аз от алауласа, шаһар өртейді.

Ілмектер: аз, от, шаһар, алау

Аз өмір сабырмен өтеді,
Ақсақ үйіне асықпай жетеді.

Ілмектер: аз, ақсақ, үй, сабыр, өмір

Аз-аздан жиналса, көп болады,
Көп аздан жиналады.

Ілмектер: аз, көп

Аз-аздан үйреніп дана болар,
Бір-бір тамшыдан жиналып дария болар.

Ілмектер: аз, дана, тамшы, дария

Ақылды адам аз жейді.

Ілмектер: ақыл, адам, аз

Ақылды кісі аз сөйлер.

Ілмектер: ақыл, аз, сөйлеу

Атан жүгі ас болса да,
Ашқа аз көрінер.

Ілмектер: аз, ас, жүк

Әкім көп беріп, аз алатын болсын.

Ілмектер: әкім, аз, көп

Бай аз, кедей көп.

Ілмектер: бай, кедей, аз, көп

Борай-борай қар жауса,
Бұ боран атты өлтірер.
Аз кісіні көп кісі
Жаман да болса, біреуіне келтірер.

Ілмектер: қар, боран, жаман, аз, көп

×