Атан жүгі ас болса да, Ашқа аз көрінер. Ілмектер: аз, ас, жүк Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Атан жүгі ас болса да, Ашқа аз көрінер.
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Бірінші байлық — денсаулық, Екінші байлық — ақ жаулық, Үшінші байлық — он саулық. денсаулық, сергектік
Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас қазақ мақалы, бала тәрбиесі
Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді; Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді. қазақ мақалы
Жігітте де жігіт бар, Азаматы бір бөлек, Жылқыда да жылқы бар, Қазан аты бір бөлек. азамат, жігіт
Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала. Әдеп, қазақ мақалы
Жақсымен жолдас болсаң, Жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң, Қаларсың ұятқа. достық, қазақ мақалы
Отан - қуат, Отбасы - шуақ. отан, отбасы
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі