Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (19) Мақал-мәтелдер (47) Ұлағатты сөздер (57)

Арсыздық — ашыққаннан шығады,
Аңсыздық — асыққаннан шығады,
Пәмсіздік масыққаннан шығады.

Ілмектер: ар

Арын сатқан ер оңбас,
Ажарын сатқан сері оңбас.

Ілмектер: ар, ер

Абырой – ар еңбегі.

Ілмектер: абырой, ар

Арсыз болса — қыз қорлық,
Ақылсыз болса — ұл қорлық.

Ілмектер: ар, ақыл, қыз, ұл

Арсызда бет болмайды,
Азғында кек болмайды.

Ілмектер: ар, кек

Малсызға малға балап ұйқы береді,
Арсызға арға балап күлкі береді.

Ілмектер: ар, күлкі, ұйқы, еңбек, жалқау, жалқаулық

Арсызға алты күн мейрам.

Ілмектер: ар, мейрам

Адалдық — ардың ісі.

Ілмектер: адалдық, ар, адал, адамгершілік, ізгілік

Аталы сөзге арсыз таласады.

Ілмектер: ата, сөз, ар, арсыз

Малым - жанымның садақасы,
Жаным - арымның садақасы.

Ілмектер: мал, жан, ар

Арсыз адам қорқақ келеді,
Барлауға да шорқақ келеді.

Ілмектер: ар, адам, барлау, соғыс

Қырсызбен ұрыссаң да,
Арсызбен ұрыспа.

Ілмектер: ұрыс, ар

Жігітке намыс – қымбат, ар – ауыр.

Ілмектер: жігіт, намыс, ар, қырғыз мақалы

Қарным үшін емес,
Арым үшін жылаймын.

Ілмектер: ар, қырғыз мақалы

Ары жоқ – күлкішіл,
Санасы жоқ – ұйқышыл.

Ілмектер: ар, сана, ұйқышылдық

Ар қайда болса,
Ұят сонда.

Ілмектер: ар, ұят

Малым жанымның садағасы,
Жаным арымның садағасы.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, садаға, ар

Арлы болмай, абыройлы болмайсың.

Ілмектер: ар, абырой

Арсыз — адамның қоры.

Ілмектер: ар, адам, қор

Аталы сөзді арсыз қайырар.

Ілмектер: ата, сөз, ар