Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (49) Мақал-мәтелдер (279) Ұлағатты сөздер (300) Әзіл, анекдоттар (2)

Бiлiмдiден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Ілмектер: ақыл, білімқарт, нақыл

Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.

Ілмектер: ақыл, сөз, бас

Алымсыз басқа ақыл жұқпас.

Ілмектер: ақыл, бас

Бойының ұзындығын қайтейін,
Ақылының қысқасын қайтейін.

Ілмектер: бой, ақыл

Ой ақылдан жүйрік емес.

Ілмектер: ой, ақыл

Ашу ақылдың дұшпаны,
Нәпсі иманның дұшпаны.

Ілмектер: ашу, дұшпан, нәпсі, ақыл, иман

Кісі ақылын таңдап ал,
Таңдап-талғап, талдап ал.

Ілмектер: ақыл

Ақылдыдан шыққан сөз,
Аңсағанға болсын кез.

Ілмектер: ақыл, сөз

Ойдың түбі - терең,
Ақылдың түбі - берен.

Ілмектер: ой, ақыл

Ақылды әйел күйеуінің ойнап айтқанын,
Ойлап талдайды.

Ілмектер: ақыл, әйел

Әйелдің ақылын жесірінде байқа,
Баланың ақылын жетімінде байқа.

Ілмектер: әйел, ақыл, жетім, бала

Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа.

Ілмектер: әйел, шаш, ақыл

Адам ақылы – ақырын, ақырын.

Ілмектер: ақыл, парсы мақалы

Үлкенмін деп сынайсың,
Бізден ақыл сұрайсың.

Ілмектер: үлкен, сыйлау, ақыл, парсы мақалы

Бақыт белгісі - ғылым мен ақыл.

Ілмектер: бақыт, ғылым, ақыл

Ақылсыз бас екі аяқты зорлайды.

Ілмектер: ақыл, аяқ

Көсенің ақылы түстен кейін кіреді.

Ілмектер: ақыл, қырғыз мақалы

Бас – ақыл үшін,
Ақылды – ел үшін.

Ілмектер: бас, ақыл, ел

Ақыл ескермейді,
Алтын шірімейді.

Ілмектер: ақыл, алтын

Ақыл деген ағып жатқан дария,.
Кеме айдаушы кемеңгер бір қария.

Ілмектер: ақыл, қария