Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (71) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (144) Әзіл, анекдоттар (1)

Жігіт жүзге жеткен елді,
Жүзі қара кемітеді.

Ілмектер: жігіт, ел, халық

Көптен бақыт құтылмас.

Ілмектер: көпшілік, ел, халық

Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп.

Ілмектер: аз, көп, залық, ел

Жорғаң қатты болса, төске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.

Ілмектер: іс, ақ, халық, ел

Көпшіліктен береке кетпес.
Берекелі жерден мереке кетпес.

Ілмектер: береке, мереке, халық, ел

Көпке ұнаған құдайға да ұнайды.

Ілмектер: көп, халық, ел

Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.

Ілмектер: кеңес, тон, ел, халық

Көптің аузы - темір талқы.

Ілмектер: темір, ел, халық

Ел айырылса - көбіне,
Жол айырылса - кеңіне.

Ілмектер: ел, халық, жол

Көпті жылатқан көп жүрмес.

Ілмектер: ел, халық

Көпті сөкпе,
Кенді төкпе.

Ілмектер: ел, халық

Халық қартаймайды.

Ілмектер: халық, ел

Жалғыз жүріп жол тапқанша,
Көппен бірге адас.

Ілмектер: жалғыздық, көпшілік, халық, ел

Сайлау жердің ағашы,
Сабырсыз елдің сазасы.

Ілмектер: ағаш, ел, сабыр, сабырлық

Ел өнерге бой ұрды,
Қараңғылық жойылды.

Ілмектер: ел, өнер

Өзiң бiр жақсы ғалым болсаң,
Елге мәшһүр мәлiм боларсың.

Ілмектер: ғалым, ел, мәшһүр

Миға ерген дене азбайды,
Милыға ерген ел азбайды.

Ілмектер: ми, дене, ел

Ел алғысын алсаң,
Елеулісі боларсың.

Ілмектер: ел, алғыс

Елді қорғайтын – ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.

Ілмектер: ел, ер, әйел, тәрбие

Әйелі азған елдің ертеңі жоқ.

Ілмектер: әйел, ел