Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (71) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (144) Әзіл, анекдоттар (1)

Жер шежіресі – ел шежіресі.

Ілмектер: жер, ел

Болатын елдің баласы
Бірін бірі:
«Батыр!»дер.
Болмайтын елдің баласы
Бірін бірі:
«Қатын!» дер.

Ілмектер: бала, ел, батыр, қатын

Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.

Ілмектер: еңбек, бірлік, ер, ел

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.

Ілмектер: ата, ұл, жақсы, жаман, ел, мал

Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.

Ілмектер: ел, жұрт

Құт қонған елде
Қыдыр қыдырып жүреді.

Ілмектер: ел, құт

Өз елің - алтын бесік.

Ілмектер: ел, халық, туған жер, алтын, бесік

Туған жердің торғайы
Тұрымтайдай көрінер.
Құлыны тайдай көрінер,
Қыздары айдай көрінер.

Ілмектер: туған жер, ел, жұрт

Көп білсең де,
Көптен артық білмейсің.

Ілмектер: ел, халық, көпшілік, білу

Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман

Ілмектер: тәуелсіздік, ел, қайрат, халық, қаһарман

Егемен елдің еңсесі биік.

Ілмектер: тәуелсіздік, егемендік, ел

Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді.
Елін сүйген еріне ел тілеуін береді.

Ілмектер: ел, жер

Ел аралаған — сыншы болар,
Орман аралаған — үйші болар.

Ілмектер: ел