Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (33) Мақал-мәтелдер (365) Ұлағатты сөздер (65)

Қанды соғыс ерге сын,
Қаптаған жау елге сын.

Ілмектер: соғыс, ер, жау, сын

Ер ерлігін істесе,
Ел елдігін істейді.

Ілмектер: ер, ел, ерлік

Елдің көркі - ерімен,
Отан көркі - жерімен.

Ілмектер: ер, жер

Ер екі өлмейді, бір өледі,
Қорқақ шіркін күнде өледі.

Ілмектер: қорқақ, ер

Еменнің майысқаны сынғаны,
Ердің қайысқаны - өлгені.

Ілмектер: емен, ер

Тайсалу ердің ісі емес,
Жұмсай білгенге қару кіші емес.

Ілмектер: ер, қару

Айбынды салтын ел бұзбас,
Адамдық антын ер бұзбас.

Ілмектер: айбын, ант, ер

Ел ебелек емес,
Ер көбелек емес.

Ілмектер: ел, ер, көбелек

Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатыннан бойдағым жақсы.

Ілмектер: ер, қатын, жаман, бойдақ

Өзіңді ер білсең,
Өзгені шер біл.

Ілмектер: ер

Ерге жаққан қатын елге де жағады.

Ілмектер: ер, әйел, қатын

Елді қорғайтын – ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.

Ілмектер: ел, ер, әйел, тәрбие

Ері өліп ерге тисе – елдің жорасы,
Ері тұрып ерге тисе – беттің қарасы.

Ілмектер: ер, әйел

Ерін баққан әйел елін де бағады.

Ілмектер: ер, әйел

Арқасыз ат қыр аса алмайды,
Арқасыз ер бір баса алмайды.

Ілмектер: ер, ат

Байы мешкей болса, үйге тартады,
Әйелі мешкей болса, үйді құртады.

Ілмектер: мешкей, үй, әйел, ер, қырғыз мақалы

Ат ерінді келеді,
Ер мұрынды келеді.

Ілмектер: ер, ат, ерін, мұрын, қырғыз мақалы

Ері өліп ерге тиген қатын – келіншек.

Ілмектер: ер, қатын, келіншек, қырғыз мақалы

Ері өліп, ерге тигенді сынама,
Ері тұрып, ерге тигенді қарала.

Ілмектер: ер, әйел, Туыстық қатынастар, сынау

Ер туған ел өлмейді.

Ілмектер: ер, ел