Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (607) Ұлағатты сөздер (1)

Түйенің сүйген асы— жантақ,
Тиіннің сүйген асы —жаңғақ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Түйесі жоқ ауылға
Тайлақ атан көрінер.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Ашаршылықта
Түйенің сіңірі де тәтті,
Тоқшылықта
Қозының құйрығы да қатты.

Ілмектер: ашаршылық, тоқшылық, жан-жануар, төрт түлік мал

Жазғытұрымғы жел
Жардай атанды жығады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Түйені жүгендемейді,
Көп малды түгендемейді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Көп келіссе,
Кірекеш түйесін сояр.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Түйе атасы — нар,
Ағаш атасы — шынар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Біреудің жоғын
Біреу түйе мініп жүріп жоқтайды.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

«Арық» деген жаман тай
Жазға шықса ат болар,
Жамандығың сезілсе
Жақын кісің жат болар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жаман, жақын, кісі, жат

Жалғыз шапқан ат жүйрік.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Тұлпардың ізі бітпейді,
Тұяғы кетпейді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Азынаған айғырдың үйірін көр,
Менменсінген жігіттің үйін көр.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жігіт

Жүйрік тоқтығын білдірмес,
Жомарт жоқтығын білдірмес.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жомарт

Жортар аттың тоғы игі.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Соқыр атқа қотыр ат үйір.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Кәрі боз қартайғанда жорға шығар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Ат көрмеген ат көрсе,
Шаба-шаба өлтірер.
Тон кимеген тон кисе,
Қаға-қаға бітірер.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Сырын білмеген аттың
Сыртынан жүрме.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Арық атқа қамшы жау,
Жыртық үйге тамшы жау.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, үй

Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал