Ашаршылықта Түйенің сіңірі де тәтті, Тоқшылықта Қозының құйрығы да қатты. Ілмектер: ашаршылық, тоқшылық, жан-жануар, төрт түлік мал Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ашаршылықта Түйенің сіңірі де тәтті, Тоқшылықта Қозының құйрығы да қатты.
Ашаршылықты көп көрген Өзі тоймай «мә» демес, Жетімдікті көп көрген, Үш шақыртпай «ә» демес. ашаршылық, жетім
Тышқан көп жылы — Тоқшылық, Қоян көп жылы — Жоқшылық. тоқшылық, жоқшылық
Тамақ тоқ, Көйлек көк, Уайым жоқ. тамақ, ас
Сұмырай келсе — су қат. Ашаршылық келсе — ағайын жат. су, ағайын
Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес, Қара қайыста соққан түйенің табы кетпес. ашаршылық, түйе
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі