Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (14) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (2)

"ашаршылық" туралы Мақал-мәтелдер

"ашаршылық" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ашаршылық" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес,
Қара қайыста соққан түйенің табы кетпес.

Ілмектер: ашаршылық, түйе, дәм, тағам, ас
WhatsApp Telegram

Ашаршылықты көп көрген
Өзі тоймай «мә» демес,
Жетімдікті көп көрген,
Үш шақыртпай «ә» демес.

Ілмектер: ашаршылық, жетім
WhatsApp Telegram

Сұмырай келсе — су қат.
Ашаршылық келсе — ағайын жат.

Ілмектер: су, ағайын, жат, ашаршылық
WhatsApp Telegram

Ашаршылықта
Түйенің сіңірі де тәтті,
Тоқшылықта
Қозының құйрығы да қатты.

Ілмектер: ашаршылық, тоқшылық, жан-жануар, төрт түлік мал
WhatsApp Telegram