Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (3) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (34) Ұлағатты сөздер (4)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"дәм" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"дәм" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "дәм" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

«Бал», «Бал» дегенмен аузы дәмді болмас.

Ілмектер: бал, ауыз, дәм
WhatsApp Telegram

Бағбан жүзімнің дәмін білмейді.

Ілмектер: бағбан, жүзім, дәм
WhatsApp Telegram

Бағбан еңбектің қиыншылығын көрмесе,
Жұрт жемістің дәмін татпас еді.

Ілмектер: бағбан, еңбек, қиыншылық, жұрт, жеміс, дәм
WhatsApp Telegram

Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес,
Қара қайыста соққан түйенің табы кетпес.

Ілмектер: ашаршылық, түйе, дәм, тағам, ас
WhatsApp Telegram

Айта берме сөз біткеннің бәрін де,
Ойлап сөйле, таңдап дәмін, нәрін де.

Ілмектер: ойлау, дәм, сөз, айту
WhatsApp Telegram

Дәмнің де дәмдісі бар.

Ілмектер: дәм, дәмді, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

«Алуа» деп айтқанмен,
Аузыңның дәмі кірмейді.

Ілмектер: ауыз, дәм, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Сергектің сенімі нық.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық
WhatsApp Telegram

Ескі сөз жаңа сөздің қазығы.

Ілмектер: сөз, денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық
WhatsApp Telegram

Тамақтан өткеннің бәрі тамақ.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық
WhatsApp Telegram

Шымырдың сезімі сергек.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық
WhatsApp Telegram

Айран ішсең ас болады.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық, айран
WhatsApp Telegram

Ас астың орны басқа.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық
WhatsApp Telegram

Көже деген тоқ ас,
Тұра келсең жоқ ас.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық, көже
WhatsApp Telegram

Ет етке, сорпа бетке.

Ілмектер: ет, сорпа, денсаулық, сергектік, ас, дәм
WhatsApp Telegram

Ас — елдің құты.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық
WhatsApp Telegram

Жасыңда салақ болсаң,
Бара-бара былық боларсың.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық, салақтық
WhatsApp Telegram

Шірікке шыбын айналар.

Ілмектер: шірік, шыбын, денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық
WhatsApp Telegram

Шірік шірітеді,
Бұзық бүлдіреді.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық
WhatsApp Telegram

Жанымды алмаған ауру,
Жанымның садағасы.

Ілмектер: денсаулық, сергектік, ас, дәм, тазалық, садаға
WhatsApp Telegram