Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (71) Өлеңдер (18) Мақал-мәтелдер (39) Ұлағатты сөздер (20) Әзіл, анекдоттар (1)

Хан — қарақшы,
Халық — сарапшы.

Ілмектер: хан, уақыт, дәуір

Хан көп болса — жау көп,
Би көп болса — дау көп.

Ілмектер: хан, би, уақыт, дәуір

Хан жарлығынан
Қатын жарлығы күшті.

Ілмектер: хан, қатын

Ойында өрелік жоқ,
Ханында төрелік жоқ.

Ілмектер: хан, уақыт, дәуір

Хан сарайы демесең,
Қатын өсек қаптаған.
Қошеметшіл қу өңшең
Ханды ғана мақтаған.

Ілмектер: хан, уақыт, дәуір

Ханның ісі қараға түседі,
Бидің ісі параға түседі.

Ілмектер: хан, би, уақыт, дәуір

Хан халықтан үлкен емес.

Ілмектер: хан, дәуір, уақыт

Көп толқыса — хан құлайды,
Көл толқыса — жар құлайды.

Ілмектер: хан, дәуір

Айырдан туған жампоз бар,
Нар емес десең нанғысыз,
Қарадан туған жігіт бар,
Ханға күнін салғысыз.

Ілмектер: хан, жігіт, уақыт, дәуір

Ханды құдай ұрғаны,
Халқымен жау болғаны.
Биді құдай ұрғаны,
Билігі дау болғаны.

Ілмектер: хан, би, дәуір, дау

Бала ханнан үлкен,
Ашамай нардан үлкен.

Ілмектер: бала, хан

Ханның ісі қараға түсер,
Батырдың ісі балаға түсер,
Байдың ісі кедейге түсер,
Бәйбішенің ісі тоқалға түсер,
Арыстанның ісі тышқанға түсер,
Ердің ісі баз-базында дұшпанға түсер.

Ілмектер: хан, батыр, бай, бала, бәйбіше, тоқал, арыстан, тышқан, ер, дұшпан

Хан еріксе, қара халық ханның ойыншығы болады.

Ілмектер: хан, пейіл, ұят, ынсап, ойыншық

Әр ханның тұсында,
Бір сұрқылтай.

Ілмектер: хан, ынсап, пейіл

Хан сыртынан жұдырық.

Ілмектер: хан, жұдырық, ынсап, пейіл

Ханнан қазық, биден тоқпақ.

Ілмектер: хан, би, пейіл, ынсап

Қара қайсы, хан қайсы,
Елді ойлаған жан қайсы.

Ілмектер: хан, ел, пейіл, ынсап

Бай қасына барып бақыр болмасаң, маған кел,
Хан қасына барып басыңды алмаса, маған кел.

Ілмектер: бай, хан, пейіл, ынсап

Ханда қырық кісінің ақылы бар.

Ілмектер: ақыл, хан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар