Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (83) Өлеңдер (167) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (114) Ұлағатты сөздер (45) Әзіл, анекдоттар (6)

Үкісіз қыз болмас,
Тікенсіз гүл болмас.

Ілмектер: үкі, қыз

Қызыңды құтты орынға қондырғанша күт,
Ұлыңды отау иесі болғанша күт.

Ілмектер: қыз, ұл

Қызым, қызым, қыз кісі,
Қызыма келді жүз кісі,
Жүз кісінің ішінен
Таңдағаны бір кісі!

Ілмектер: қыз

Күйеу — жолдасымен,
Қыз — жасауымен.

Ілмектер: күйеу, қыз, жасау

Таза сабаның қымызын іш,
Мейірбан ананың қызын ал.

Ілмектер: қымыз, қыз, ана, мейірбан

Жақсы қыздың жасауын
Жақын-жаран жасайды.
Жаман қыздың жасауын
Сұран-тілен жасайды.

Ілмектер: жақсы, қыз, жаман, жасау

Қызды сөкпе,
Тұзды төкпе.

Ілмектер: қыз, тұз

Сақау қыз
Май сұраймын деп,
Шай сұрайды.

Ілмектер: сақау, қыз

Қыздың аңқауынан сақта,
Ұлдың жалқауынан сақта.

Ілмектер: қыз, ұл, жалқау

Сұлу гүлдің сарғайып
Солар кезі болады.
Сұлу қыздың әр тайып,
Оңар кезі болады.

Ілмектер: сұлу, қыз

Қырын алған жігітті
Қыз қасынан ит қабар.

Ілмектер: жігіт, қыз

Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер.

Ілмектер: ас, дәм, қыз, тұз

Отаулап берген қыздың
Отын, суы аз болмас.

Ілмектер: қыз

Жібекті түте білмеген жүн етер,
Қызды күте білмеген күң етер.

Ілмектер: қыз, өнер

Озар елдің қызы мінезді,
Ұлы өнерлі келеді.

Ілмектер: қыз, ұл, өнер

Жаман етікші біз таңдайды,
Жаман жігіт қыз таңдайды.

Ілмектер: жаман, жігіт, қыз, қол өнері, өнер

Ұлың өссе,
Ұяттымен ауылдас бол,
Қызың өссе,
Қылықтымен ауылдас бол.

Ілмектер: ұл, қыз, тәрбие, өнеге

Қызым келіннен ғибрат алып өседі,
Ұлым елімнен ғибрат алып өседі.

Ілмектер: қыз, келін, ел, ұл, ғибрат

Әдепті елдің қыздары —
Қырмызы-қызыл жібектей.

Ілмектер: әдеп, қыз

Бетеге, жусан — бел көркі,
Білімді ұл, қыз — ел көркі.

Ілмектер: білім, ұл, қыз