Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (27) Ұлағатты сөздер (12)

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

Ілмектер: ұрлық, бала, үй

Ұрлық түбі — қорлық.

Ілмектер: ұрлық

Ауыл үйдің моншағын
Күндіз ұрлап, түнде тақ.

Ілмектер: ауыл, ұрлық

Ұрлық, ұрлықтың түбі қорлық.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, қорлық

Атақты ұры аштан өледі.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, аштық

Ұры — қарының серігі.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры, қары

Ұрыға мал құтаймас.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры, мал

Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры, бұзау, өгіз

Сезікті секіреді.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры

Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры

Ұры өле өлгенше ақпын дейді.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры

Ұрысы күшті болса, иесі өлер.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры.ұрыс

Қолағашы күшті болса,
Киіз қазық жерге кірер.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл

Мысқыл, мысқылдың түбі мүшкіл.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл, ұры

Дәніккен қарсақ құлағымен ін қазар.

Ілмектер: ұрлық, ұят, ынсап, пейіл

Аттан айырылсаң да,
Ер тоқымнан айырылма.

Ілмектер: ат, ер тоқым, ұрлық, ынсап, пейіл

Қарақұрт жеп қой семіреді,
Қансоқта жеп ит семіреді,
Пара жеп би семіреді.

Ілмектер: ұят, ұрлық, ынсап, пейіл, қй, пара, ит, семіру

Екі қатын ұрысса, ұрлығы мен қарлығын айтар.

Ілмектер: қатын, ұрыс, ұрлық, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ұсталмаған ұрыға үкім жүрмейді.

Ілмектер: ұры, ұрлық, үкім, Араб мақал-мәтелдері

Ұрлық қылсаң жалғыз қыл, екеу болсаң - бірі айғақ.

Ілмектер: ұрлық, айғақ