Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (17) Мақал-мәтелдер (175) Ұлағатты сөздер (106) Әзіл, анекдоттар (1)

Ұстамен жақын болсаң,
Мүйiз кесерiн аларсың,
Қайықшымен жақын болсаң,
Дауыл күнi кемесiн суға саларсың.

Ілмектер: ұста, дауыл, қайықшы, өнер

Алтынды ерiте бiлмеген iрiтер,
Терiнi илей бiлмеген шiрiтер.

Ілмектер: алтын, тері, өнер

Өнерлiнiң қолы алтын,
Өлеңшiнiң сөзi алтын.

Ілмектер: өнер, алтын, қол, сөз, өлеңші

Өнерлi бала сүйкiмдi.

Ілмектер: өнер, бала

Өнер бiлсең өлмейсiң.

Ілмектер: өнер

Өнерлiнiң өзегi талмас.

Ілмектер: өнер

Кедеймiн деп қысылма,
Өнерiң болса қолында
Өнерлiнiң ырысы –
Жарқырап жатар жолында.

Ілмектер: кедей, өнер

Бас тұмақтың үлгiсi.

Ілмектер: бас, тұмақ, үлгі, өнер

Жұмыстың көзiн тап,
Қисықтың тезiн тап.

Ілмектер: жұмыс, өнер

Ісмердің байлығы қолында,
Кемеңгердің байлығы жолында.

Ілмектер: өнер, ісмер, кемеңгер

Өнерің болса, өлемін деме.

Ілмектер: өнер

Бiлiмдi өлсе,
Қағазда аты қалар,
Ұста өлсе,
Iстеген заты қалар.

Ілмектер: білім, қағаз, ұста, өнер

Ел өнерге бой ұрды,
Қараңғылық жойылды.

Ілмектер: ел, өнер

Өнерлі қол аш болмас.

Ілмектер: өнер, қол

Ұсталы ел озар,
Ұстасыз ел тозар.

Ілмектер: ұста, өнер

Бай болмасаң, бай болма,
Білім-өнерге сай бол.

Ілмектер: бай, білім, өнер

Көп көрген - нұсқа,
Көп істеген - ұста.

Ілмектер: ұста, өнер

Өнер ағып жатқан бұлақ,
Ілім жанып тұрған шырақ.

Ілмектер: өнер, ілім, білім

Жiгiттiң екi өнерi бар:
Атқанда – жыққан, ашқанда – оқыған.

Ілмектер: жігіт, өнер

Өнерлі қол - бақытқа жол.

Ілмектер: өнер, жол, қол, бақыт