Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (29) Өлеңдер (192) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (120)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Жүрек" туралы Ұлағатты сөздер

"Жүрек" туралы ұлағатты сөздер жинағы.

Суретшінің қолы, қиялы және жүрегі бірге жұмыс істесе ғана тамаша сурет шығады.

Ілмектер: суретші, қол, қиял, жүрек, сурет, тамаша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Жетістікке жету және одан да жемісті, бақытты өмір сүру туралы шешім қабылдау жеткіліксіз, өйткені бұл мәселенің жүрегін қозғамайды, бұл қате түсінік. Біз өз жағдайымызды шын бағалап, қоршаған ортамызды шынайы тұрғыдан түсінгеннен кейін ғана біз өзімізді ақиқатқа қарай өзгерте аламыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Жетістік, жемістер, бақыт, Өмір, шешім, мәселе, жүрек, қате, түсінік, жағдай, қоршаған орта, шынайылық, ақиқат Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Кітаптың тірі организм сияқты жаны бар деп ойлаймын. Себебі оларды ақыл мен жүрек иелері жазды. Кітап дегеніміз сыртқы әсемделген дизайн ғана емес, ойландыруға шақыратын әріптер, сөздер, сөйлемдер, идеялар әлемі.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, кітап, тірі организмдер, жан, ақыл, жүрек, дизайн, әріп, сөз, сөйлем, идея Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Өмір өзенінде еркін жүзгіңіз келсе сіз сұр, өкінішті өмірге балама бар екені туралы білу керексіз. Егер сіз өз жүрегіңізді жаңа идеяларға, құндылықтар мен сенімдерге ашуға дайын болсаңыз, онда сіз ойлау процесін қалай қайта құруға жəне тұрақты идеалды «Мен» -ді қалай қалыптастыруға болатындығын білетін боласыз. Сіз кім болсаңыз да, не істесеңіз де, қандай жағдайда болсаңыз да, сіз өзіңізге толықтай сенімді, бақытты бола аласыз. Мұны үйрену сіз ойлағаннан да əлдеқайда оңай! Тек өзіңізбен де, өзгемен де шынайы болуға әрқашан дайын болыңыз, жалған маскамен өмір сүрмеңіз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, Өзен, еркіндік, жүзу, Сұр, өкініш, балама, туралы, білім, жүрек, жаңа, идея, құндылық, сенім, идеализм, тұрақты, мен, жағдай, сенімділік, бақыт, үйрену, оңай, шынайылық, жалған дүние, маска Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Ақпейіл және ықыласты жүрек адамды жетелеуі тиісті, сонда ғана оның еңбегі және табыстылығы ерекше мәнге ие болады. Адам болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу қиын.

Ілмектер: Ақпейіл, ықылас, жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, еңбек, табыс Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Мейірімді жүрек әлемнің барлық ақыл-ойларынан гөрі әдемі.

Ілмектер: Мейірім, жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Э. Бульвер-Литтон
WhatsApp Telegram

Егер әдемі адам келбеті ұсыныс хат болса, онда әдемі жүрек — бұл сенім грамотасы.

Ілмектер: адам, келбет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, хат, жүрек, әдемілік Э. Бульвер-Литтон
WhatsApp Telegram

Адам өзгермейді

Ілмектер: адам, жүрек Телеман Тәштекұлы
WhatsApp Telegram

Ержүректілік пен батылдық жүректен шығуға тиіс.

Ілмектер: Ержүректілік, батылдық, жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Исламның да тазасы бар, ақыл жүрекпен тапқаның, пайда берсе сенімің саған, бақытты қылар салғаның.

Ілмектер: ислам, тазалық, ақыл, жүрек, пайда, бақыт, сенім Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Сырты сұлуды айтқанша, іші сұлуды айт. Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады.

Ілмектер: сұлу, жүрек, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық, Мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек — бұлар жүрек ісі. Асықтық та — жүрек ісі.

Ілмектер: жүрек, рақымдылық, Мейірбандылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бауыр Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Этика дегеніміз — адал іс-әрекетіміз ғана емес, ақ жүректі ерік-жігеріміздің философиясы да.

Ілмектер: этика, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адал, жүрек, ерік-жігер, философия Иммануил Кант
WhatsApp Telegram

Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.

Ілмектер: адам, ақыл, жүрек, жігер, қайрат, азу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Қамшы дағы етте, тіл дағы жүректе қалады.

Ілмектер: қамшы, дақ, ет, жүрек, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Ақын сөзі — жүрегімен сенсе шын,
Көтереді бишараның еңсесін.

Ілмектер: ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жүрек, еңсе Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Жүрек - адамның ішкі сезімдерінің орталығы. Ал ақыл оның күйбең тірліктегі бірде құлы, бірде патшасы. Бұлардың ауыртпалығын көтеретін одан кейінгі - бауыр, өзінен төменгі мүшелерге қарайласады. Бауырдың кеңдігіне ешқашан теріс қарама.

Ілмектер: жүрек, ішкі сезім, ақыл, құл, патша, бауыр
WhatsApp Telegram

Жүрек - адамның тап бір өзі салған қамалы сынды.
Ағаш қамал болса, оны тас қамалмен алмастырамыз, тас мүжілсе темірмен, ол майысса алтынмен саламыз.

Ілмектер: жүрек, қамал
WhatsApp Telegram

Ақылды билеймін десең, жүрек секілді қарсы тұр. Жүректі жаулаймын десең, жүрек секілді қорғана біл. Екеу болып күрессең, екеуіне хош боларсың.

Ілмектер: ақыл, жүрек, хош
WhatsApp Telegram

Бөлме сағаты — біздің жүрегімізді артық мазаланудан сақтайтын темір жүрек.

Ілмектер: сағат, жүрек, темір Жан Бодрийяр
WhatsApp Telegram