Исламның да тазасы бар, ақыл жүрекпен тапқаның, пайда берсе сенімің саған, бақытты қылар салғаның. Ілмектер: ислам, тазалық, ақыл, жүрек, пайда, бақыт, сенім Нарша Булгакбаев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Исламның да тазасы бар, ақыл жүрекпен тапқаның, пайда берсе сенімің саған, бақытты қылар салғаның.
Адам болу — бір мәселе. Адам боп қалу — қиын мәселе. Ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық — адамгершіліктің төрт құбыласы. Күшті адам – өзгелерді бағындыра алатын емес, өз-өзін ақиқатқа бағындыра алатын адам. Ал ақиқат дегеніміз: Аллаһ сөзі — Құран, оның шынайы мән-мағынасы, ғылыми дәлелі жоқ жалған сөздер емес. Ақиқат үшін күрес — дінді ғылыммен, ғылымды дінмен дәлелдеу жолындағы мәңгілік зерттеу. Өмір — сынақ жүргізетін зертхана. — Нарша Булгакбаев Адам, мәселе
Суытпа босқа түсіңді Қайрама онша тісіңді. Сырт тазасы не керек, Тазарт әуел ішіңді. — Үмбетей Жырау тазалық, нақыл
Адамзаттың айналып келіп ақырында аяқ тірер ақиқаты Ислам. — Лев Толстой ақиқат, ислам
Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда. Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті. Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы. Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі. — Нарша Булгакбаев эмоция, оқиға
Пайғамбарымыз Мұхаммедті, исламды жұрты ұрып-соқты, тілімен балағаттады. Ол бәріне де шыдады, жеңді. Шыдам мен сабыр — ең күшті қару. — Ахмет Байтұрсынұлы Шыдам, сабыр
Бойыңды қалай таза ұстасаң, Жүректі солай таза ұстау керек. — Али Динабеков нақыл сөз, дана сөз
Көңіл тазалығы мен адалдық — нағыз мәдениетті жанға тән қасиет. — Ханбибі Есенқарақызы Көңіл, тазалық
Ата - ана баласының санасын исламмен нұрландырып, жаратылыстанумен көзін аштырса, бұдан артық тәрбие жоқ. Сонда ғана бағыттаған тәрбиесі баласына пайда береді. — Нарша Булгакбаев Ата-ана, Ислам
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі