Сырты сұлуды айтқанша, іші сұлуды айт. Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады. Ілмектер: сұлу, жүрек, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Сырты сұлуды айтқанша, іші сұлуды айт. Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады.
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. — Абай Құнанбайұлы қайрат, ақыл
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме. — Абай Құнанбайұлы қайғы, қызық
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. — Абай Құнанбайұлы ақыл, қайрат
Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды. — Абай Құнанбайұлы тіл, жүрек
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар. — Шәкәрім Құдайбердіұлы Мейірім, ынсап
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. — Ыбырай Алтынсарин жақсы, мұғалім
Тән сұлулығы қартаяды, жан сұлулығы қартаймайды. Тән сұлулығы мезгілге тәуелді, жан сұлулығы мезгілге тәуелді емес, өзіне өзі тәуелді. — Бөкен би тән, жан
Табиғат әйелге былай дейді: қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, ал саналы, ақылды болуға міндеттісің. — Пьер де Бомарше әйел, сұлу
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі