Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"мақсат" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "мақсат" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Чемпион жаттығу залдарында пайда болмайды. Адамның ішіндегі құлшыныс, арман, мақсат чемпионды тудырады.
Ілмектер: чемпион, арман, мақсат, құлшыныс Мұхаммед Әли
Адам кім болса да еңбек етіп, терге шома жұмыс атқаруы тиіс: өмірдің мәні мен мұраты оның бақыты мен мақсаты осында.
Ілмектер: еңбек, адам, өмір, мақсат, бақыт, мұрат Антон Чехов
Ұмытпаңыз. Өзімізді басқа ұқсас халықтан айыратын белгіміз болған ана тілімізді білсек қана осы мақсаттарға жетпекпіз.
Ілмектер: тіл, мақсат, халық Ғұмар Қараш
Бағындыруға тұрарлық кез келген мақсат тәуекелден тұрады.
Ілмектер: мақсат, тәуекел Дин Карназес
Күштілердің қайырымдылығы көбінесе алпыс айлалы саясат болып табылады, ол саясаттың мақсаты - халықтың махаббатын жаулап алу.
Ілмектер: қайырымдылық, саясат, мақсат, халық Франсуа де Ларошфуко
Біліп істеген мақсатына тез жетеді.
Ілмектер: білу, мақсат Саиф Сараи
Мақсатқа жету мүмкін болмаса, мақсатыңды емес, әдісіңді өзгерт.
Ілмектер: зерттеу сабағы, кэмбридж тәсілі, мақсат, әдіс Конфуций
Егер мақсатың болмаса, түк те тындыра алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса, ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың.
Ілмектер: мақсат Дени Дидро
Халық үшін қан төгем деп,
Ілмектер: халық, мақсат Махамбет Өтемісұлы
Қараны ханға теңеп берем деп.
Ол мақсатқа жете алмай,
Дегенімді ете алмай,
Қор болдық-ау, шырақ-ай!
Үнемі алдыңызға жақын арада шынайы орындалатын мақсатты қойыңыз.
Ілмектер: мақсат Эриксон Милтон
Әділ жол мақсатқа жеткізеді.
Ілмектер: жол, мақсат Саиф Сараи
Егер сіздің жалғыз мақсатыңыз - бай болу болса, онда сіз оған ешқашан жетпейсіз.
Ілмектер: мақсат, бай Джон Дэвисон Рокфеллер
Мақсатыңды тап, ресурс табылар.
Ілмектер: мақсат, ресурс Махатма Ганди
Мен адамдарды ақшаны ұстауларына қарап бағалаймын. Ақша - мақсат емес, ол адамның қателескен, қателеспегенін білдіретін дәлел.
Ілмектер: адам, мақсат, ақша, қате Коко Шанель
Мені жолымда ұстайтын нәрсе – менің мақсаттарым.
Ілмектер: жол, мақсат Мұхаммед Әли
Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жеткен кезде мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз.
Ілмектер: мақсат, әдіс Конфуций
Кітаптың бір мақсаты – агитация десек, кейбір шарттарды орындай отырып, оны да жүргізуге болады. Болмаса желігіп отырған жеңіл қолмен жазып жiберген жарнама дейді.
Ілмектер: кітап, мақсат, жарнама Мұхтар Әуезов
Егер бай болу сіздің жалғыз мақсатыңыз болса, онда ол ешқашан орындалмайды.
Ілмектер: мақсат, бай, бай болу Джон Дэвисон Рокфеллер
Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдар мен нәрселерге емес, мақсатқа тәуелді болыңыз.
Ілмектер: бақыт, өмір, адам, мақсат Альберт Эйнштейн
Бүкіл ақын атаулыны маскүнем ғып көрсету – мақсат емес. Менде ондай ой жоқ. Ал енді ішпейтін ақын тағы аз.
Ілмектер: мақсат, ақын, маскүнем Қадыр Мырза Әли
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі